AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қытайдағы бұғы тайпасының соңғы әйел «ру басы» қай...

Қытайдағы бұғы тайпасының соңғы әйел «ру басы» қайтыс болды

Оқиға 27.08.2022, 12:57 1,367
Қытайдағы бұғы тайпасының соңғы әйел «ру басы» қайтыс болды
Сурет: Дереккөз

Мария Суо әжей 101 жасқа келген


Қытайдың Ішкі Моңғоля Гэньхэ қаласында Эвенки этникалық тобындағы бұғы тайпасының соңғы әйел «ру басы» атымен танымал Мария Суо әжей 101 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Халық Газеті» сайтына сілтеме жасап.
Мария Суо ғасырмен құрдас өмірінде аңшылық, отырықшылық және дамыған эвенки халқының жүз жылдық өзгерістеріне куә болған. Өмір бойы тау қойнауындағы ну орманда тіршілік еткен әжей жасы 90-ға келген шағында да тауда бұғыларды бағып-қағып, елі мен ұлты үшін бұғы мәдениетіне иелік етті.
Басылымның мәліметінше, 1921 жылы туған Мария Суо – ұлттық мәдениетке мұрагерлік етудің елшісі, Ішкі Моңғұл мәдени мұрасының иегері және Қытайдың Мао Дун атындағы әдебиет сыйлығымен марапатталған «Эргуна өзенінің оң жағалауы» романындағы бас кейіпкерінің прототипі. Мария Суо әлемге «Қытайдағы соңғы әйел ру басы» деген атпен танымал.
Сонымен бірге әжей еңбекқор, қабілетті ғана емес, сегіз қырлы бір сырлы жан. Ол тері илеп, қолғап, баскиім, киім-кешек сияқты тамаша бұйымдар жасайды.



«Әжейдің айтатын халық ертегілері таусылмайды. Оның салған әсем әні орманда жаңғырса, ол тартқан сырнай үнінен эвенки ұлтының ұзақ тарихы естіледі.
Бір ғасырлық ғұмырында Мария Суо Аолугуяда тұратын эвенки халқы дамуының бейнесіне айналды. Асқар таулар мен ну орманды көзінің қарашығындай қорғап, бұғы мәдениетіне иелік еткені үшін оны ауыл тұрғындары қатты құрметтейді. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін, ол аң аулауды және этникалық топтарды басқаруды шебер меңгергендіктен, Қытайдағы бұғы тайпасының соңғы әйел «ру басы» атанды. Ол тіршілігінде «Бұғыларым менің балаларымдай, оларды қатты жақсы көремін» деп жиі айтатын», деп жазады дереккөз.



Тарихи деректерде, эвенки «таулы орманда тұратын адамдар» деген мағынаны білдіреді. «Аолугуя» — эвенки тілі, ол «терек-орманға толы жер» дегенді білдіреді. Аолугуя эвенки — Қытайдағы соңғы бұғы тайпасы және Қытайдағы бұғы өсіретін жалғыз этникалық топ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мария Суо әжей #тайпа #бұғы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала күніне орай «Ән Алматы» мерекелік концерті өтті

Бүгін 11:55

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Дональд Трамп Тоқаевқа құттықтау хат жолдады

Бүгін 11:14

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады

Бүгін 11:02

Президент Елена Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Бүгін 09:30

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отбасы күнімен құттықтауы

Бүгін 08:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);