AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қытайда өтетін Олимпиадаға Қазақстан атынан үш биа...

Қытайда өтетін Олимпиадаға Қазақстан атынан үш биатлоншы қатысады

Спорт 24.01.2022, 08:32 1,740
Қытайда өтетін Олимпиадаға Қазақстан атынан үш биатлоншы қатысады
Сурет: Ocasia.org

Олар команданың үздігі болып саналады.


Биатлоннан Қазақстан командасы Бейжің Олимпиадасына 12 жолдама жеңіп алды. Төртжылдықтың басты додасында еліміздің атынан Галина Вишневская, Александр Мухин және Владислав Киреев сынға түседі. Бұл туралы команданың бас бапкері Мақсат Шаранов айтты деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz cайтына сілтеме жасап.  



«Биатлоннан Олимпиада лицензиясы команданың маусымдағы көрсеткіштеріне қарай берілетін. Алайда, пандемияға байланысты Халықаралық битлоншылар одағы жарыс жоспарын түгелдей өзгертті. Бұрын 1-ден 20-шы орынға дейінгі командаларға төрт квота, 20-23 орынға екі квота, 24-ші орыннан әрі қарай Wild Card берілетін. Биыл тек 20-шы орынға дейінгі командалардың квотасы сақталып, одан төмен орналасқандар жекелей көрсеткіші бойынша жолдама иеленді. Ал мұндай орындар бар болғаны 12 ғана.


Тағы бір айта кетерлігі, Қытай командасы ТОП-20 қатарына енбесе, жарысты қабылдаушы ел ретінде автоматты түрде Wild Card бойынша 4 квота иемденеді. Нәтижесінде, сегіз бос орынға 35 команда таласады. Ал эстафетада 27 құрама бақ сынайды. Осыған орай, біздің қыздар командасының алдында төрт жолдама алу мақсаты тұрды. Алайда, біздің құраманы Қытай қуып жетіп, біз квотадан айырып қалдық. Қазақстан атынан Галина Вишневская ғана қатысады. 


Ерлер командасының алдында екі жолдама алу мақсаты түрған. Олар бұл жоспарды орындады. Олимпиадаға Александр Мухин мен Владислав Киреев қатысады. Лицензиялық бүкіл командаға берілді. Бірақ осы екі спортшының еңбегі көп. Қазіргі сәтте олар команданың үздігі саналады», - деді бас бапкер. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #биатлон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15

Алматы Euronews эфирінде: халықаралық аудиторияға шаһардың туристік келбеті таныстырылды

Бүгін 12:12

Алматы GITF 2026 көрмесінде үздік мәдени туристік бағыт атанды

Бүгін 11:31

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ЛОР-хирургияның жаңа бағыты іске қосылды

Бүгін 11:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);