AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қытайда коронавирус індеті өршуде

Қытайда коронавирус індеті өршуде

Медицина 04.01.2023, 07:38 1,550
Қытайда коронавирус індеті өршуде
almaty-akshamy.kz

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда коронавирус індетінің өршуіне байланысты қазақстандықтардан аталған елге барудан бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда Қытайдан келетін азаматтарға қатысты карантиндік талаптар мен шараларды қатаңдату жоспары жоқ.


Айта кетсек, бүгінде Шанхай ауруханалары науқастарға толы. Күн сайын медицина мекемелеріне COVID-19 белгілері бар мыңдаған науқас шұғыл түрде түседі. Олардың көпшілігі – 65 жастан асқандар, деп хабарлаған еді Euronews.



Қытайдың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары 25 миллион тұрғыны бар мегаполис халқының 70%-ы вирус жұқтырған болуы мүмкіндігі айтылды. Осыған орай бірқатар мемлекет Қытайдан келетін жолаушыларға жаңа талаптар қойған еді. Өз кезегінде Қытайдың Сыртқы істер министрлігі коронавирусқа қарсы карантин талаптарын күшейткен елдерге үндеу жариялады.



ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Ниннің мәлімдеуінше, елдер қабылдап жатқан коронавируспен күрес шаралары ғылыми негізделген және үйлесімді болуы тиіс. Сондай-ақ, адамдардың өзара араласуы елдер арасындағы ынтымақтастыққа әсер етпеуі керек.


Сондай-ақ, ресми өкілдің айтуынша, Қытайда індеттің таралуына қатысты ақпарат уақтылы, ашық әрі заңға сай таратылып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #ковид #індет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

Бүгін 22:45

Қазақстан-Германия бизнес форумында маңызды келісімдер жасалды

Бүгін 22:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Бүгін 21:00

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 20:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);