AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қытай ғарышта күріш өсіруді толық қолға алмақ

Қытай ғарышта күріш өсіруді толық қолға алмақ

Әлем 30.08.2022, 08:35 1,238
Қытай ғарышта күріш өсіруді толық қолға алмақ
Сурет: Inform.kz

«Вэньтянь» зертханалық модулімен ғарышқа жеткізілген күріштің эксперименттік тұқымы бір ай өткен соңы сәтті өсіп шықты. Бұл жайында Қытай ғылым академиясы жариялаған хабарламада айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Қытай Ғылым академиясының (ҚҒА) ғарышта өсімдіктерді өсіру бағдарламасының жетекшісі Чжэн Хуйцюннің айтуынша, қазіргі уақытта күріш тұқымын өсіру сәтті басталды. Атап айтқанда, қысқа дәнді күріш 4-5 см болып өсіп шықты. Тайконавтар (Қытайда ғарышкерлерді осылай атайды) үлгілерді жинайды, содан кейін мұздатып, сақтайды, одан кейін оларды сараптама жасау үшін Жерге алып келеді.


Олар зерттеудің арқасында әлемде алғаш рет ғарыштық микрогравитация жағдайында «тұқымнан тұқымға дейін» өмір бойы күріш өсіру эксперименті жүзеге асырылады деген үміт білдірді.


ҚҒА хабарламасында алыс ғарышты игеру дамыған сайын, тіпті болашақта Марсқа қонуды ескергенде Жерден жеткізілетін азық-түлікке ғана сену мүмкін емес екендігі айтылған. Ғарыштық саяхаттың ұзақ мерзімді қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғарышта азық-түлік өсіру мәселесін шешу қажет.



«Ғарыштық дақылдардың болашақ өндірісі толығымен оқшауланған жасанды ортада жүзеге асырылуы керек. Ғарышта өсірілетін дақылдар жоғары өнімділік пен сапа, жоғары тиімділік және энергияны аз тұтыну талаптарына сәйкес келуі қажет», - деді Чжэн Хуйцюн.



Бұдан бұрын хабарланғандай, шілде айында алғашқы «Вэньтянь» зертханалық модулі пайдалануға берілді. Қазан айында «Мантян» екінші модулі іске қосылады деген жоспар бар. Содан кейін Қытайдың Тяньгун орбиталық стансасының («Аспан сарайы») құрылысы аяқталады. Ол Т-тәрізді болады.


Соңғы жылдары Қытай билігі Ұлттық ғарыш бағдарламасын жүйелі түрде дамытып келеді. Қытай ғалымдары ҚХР-дың бірінші ғарыштық орбиталық стансасының құрылысын осы жылдың соңында аяқтаумен қатар, Ай мен Марсты игеруді де басты назарда ұстап отыр.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Эксперимент #Ғарыш #Қытай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда колледждерге мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары бекітілді

Бүгін 12:16

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 12:03

Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті

Бүгін 12:00

Алматыда автобус парктеріне қойылатын экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 11:38

Алматылық дәрігерлер италиялық туристі аман алып қалды

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);