Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қытай еліміздің ет өндірушілерінің өнімдерін кіргі...

Қытай еліміздің ет өндірушілерінің өнімдерін кіргізуге рұқсат беруге дайын

Саясат 09.11.2023, 02:40 1,146
Қытай еліміздің ет өндірушілерінің өнімдерін кіргізуге рұқсат беруге дайын
Сурет: Сауда және интеграция министрлігі

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Бейжіңде ҚХР Бас кеден басқармасы басшысының орынбасары Сунь Юйнинмен келіссөз өткізді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.


Тараптар мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспорттық тауарларының номенклатурасын кеңейту мәселелерін талқылады.


Арман Шаққалиев өз сөзінде бірқатар тауарлар бойынша қытайлық компаниялар мен ҚХР-ға экспорттауды жоспарлап отырған біздің кәсіпкерлер тарапынан жоғары сұраныс бар екенін атап өтті.


«Біз Қазақстанда бірнеше рет болған көптеген қытайлық компаниялармен кездесулер өткіздік, Олар сиыр еті, қой еті, тауық және субөнімдер сатып алуға дайын. Инвестициялық ынтымақтастық бойынша келіссөздер жүргізілуде, ірі қытайлық компаниялар қытай нарығына одан әрі экспорттау мақсатында қазақстанның ет өндірісі үшін орасан зор қаражат салуға дайын. Бірақ қажетті жағдай жасау үшін қолда бар шектеулерді алып тастап, ет өнімдерін экспорттауды қайта бастау қажет», — деді Арман Шаққалиев.


Айта кету керек, ҚХР Бас кеден басқармасы аусыл және құс тұмауы ауруларын бақылау бойынша Қазақстанның ветеринарлық қызметін бағалау үшін елге келуге дайын.


«Біз сондай-ақ салқындатылған ет өнімдерінің, термиялық өңделген ет өнімдерінің, құстың еті мен субөнімдерінің, тағамдық жұмыртқалардың, жылқы етінің және басқа да тауар түрлерінің экспортына қойылатын талаптарды келісу бойынша жұмысты бастауға дайынбыз», — деді кездесу барысында Қазақстан Сауда министрлігінің басшысы.


Келіссөз барысында өзара саудадағы кедергілерді жою жөнінде келісім жасалды.


ҚХР Бас кеден басқармасы Қазақстаннан термиялық өңделген ет өнімдерін жеткізуге қойылған шектеуді алып тастауға дайын екенін білдірді.


ҚХР нарығында қазақстандық түйе сүті үлкен сұранысқа ие. Қытай тұтынушысы бұл өнімнің дәмі мен сапасын біледі.


Қазақстанның бие сүтін экспорттау бойынша үлкен әлеуеті бар.


Алайда, ҚХР-да осы өнімді нарыққа жеткізу үшін тиісті ұлттық стандарт әзірлеу қажет, бұл туралы келіссөздер барысында да айтылды.


Экспорттың тағы бір маңызды бағыты — өсімдік шаруашылығы өнімдері. Қазақстан Қытайға сүйектіжеміс дақылдарын (шабдалы, өрік, шие) жіберуге дайын.


Бұршақ және жасымық бойынша әлеуетті экспорттаушылардың тізімі жасалды.


«Біз сұлы үлпегі, қызылша целлюлозасы мен картоп, жарма, күнбағыс тұқымының шроты, мақсары бойынша экспортты арттыруға дайынбыз», — деді Арман Шаққалиев.


Кездесу қорытындысы бойынша биыл қытай делегациясы келетін болды. Ол үшін жақын арада сапар бағдарламасы келісіледі.


Сапар қорытындысы бойынша Қытай тарапы шектеуді алып тастап, мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын талқылауға көшуге дайын.


Сонымен қатар, қытай тарапы термиялық өңделген сиыр етіне, қой етіне және құс етіне қойылатын ветеринарлық талаптарды келісу бойынша жұмысты қатар бастауға келіседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қытай #ет #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Бүгін 22:20

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика