Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Қысқы киімдерді қалай сақтаған дұрыс?

Қысқы киімдерді қалай сақтаған дұрыс?

Керек кеңес 14.04.2022, 07:20 2,327
Қысқы киімдерді қалай сақтаған дұрыс?
Сурет: Gastronom.ru

Қыстай киген қалың киімдерді жинайтын уақыт келді.


Келесі қысқа дейін киімдер жақсы күйде болуы үшін оларды дұрыс тазарту және сақтау маңызды. Жаңа маусым алдында қысқы гардеробты реттеуге кіріскен болсаңыз, сізге қажет болатын бірнеше базалық ережелер бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 


1. Маусым соңында сүйікті пальтоңызда ұсақ ақаулар бар-жоғын тексеріңіз. Мысалы, ілгектері босап қалған немесе қалтаның іші жыртылған болуы мүмкін. Оларды киімді салып тастар алдында жөндеп немесе тігіп қойған жөн. Егер маусым бойы пальтоны жиі киген болсаңыз, оны химиялық тазалауға тапсыруға болады.


2. Пальтоны бүктеп жинамай, киім ілгішке іліп сақтаған дұрыс. Пальто пішінін жоғалтпас үшін оған ауа өтетін мата қап пен ұштары дөңгелектелген жалпақ киім ілгіш алған жақсы.


3. Қысқы күрткені салып тастар алдында міндетті түрде оны жуып алу керек. Күртке заттаңбасындағы күтімге қатысты ақпаратты зерттеңіз. Себебі кей күрткелерді кір жуғыш машинаға жуу ұсынылмайды. Киім кепкенше, оны арасында сілкіп алып тұрыңыз, әйтпесе, мамық бір жерге жиналып қалуы мүмкін. Күрткелерді бүктеп жинап сақтауға болады, бірақ қатты тығыздап тастау ұсынылмайды. Күрткелерді де ауа кіретін мата қапта сақтаған жөн.


4. Жүннен тоқылған жемпірлерді әр кигеннен кейін жуудың қажеті жоқ. Оны киімге арналған щеткамен тазартып, балконға желдетіп алу жеткілікті. Тоқылған киімдерді жиі жусаңыз, олар жылдам тозып, түктеніп, пішінін жоғалтып алады.


5. Күйе көбелек киімдеріңізді бүлдірмес үшін 2-3 айда бір шкафтың ішін шаңсорғышпен сорып, ылғал шүберекпен сүртіңіз. Содан соң шкафтың есіктерін ашып қойыңыз: жәндіктер күннің көзінен қорқады.


6. Аяқ киімді салып тастамас бұрын оны жақсылап тазарту керек: табанын судың астында жуыңыз, ұлтарақты ылғал шүберекпен сүртіңіз және аяқ киімнің үстіне арнайы тазартатын көбік жағыңыз. Аяқ киімді тазартып болған соң, оны жақсылап кептіріп, крем немесе май жағыңыз.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қысқы киім #жинау #сақтау ережелері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі