ffin.kz

Қырғыздарға айтамыз ба, қайтеміз? 

Қырғыздарға айтамыз ба, қайтеміз?  Сурет: ашық дереккөз

1985 жылы екінші жаһан соғысының 40 жылдығы қарсаңында Қостоғандағы Мәдениет үйінде (Жамбыл облысы, Меркі ауданы)  Алтынбек Қоразбаевтың "Қара кемпір" ән-толғауының тұсауы кесілді. Сөзі көрнекті ақын Жақсылық Сәтібековтікі. Әу басында 90 шумақ дастан болған туындының оннан астам шумағы әнге айналды. Әннің әсері алапат болды. Жыламаған жан қалмады. Көп ұзамай республикаға тарап кетті. Аса танымал туындының кейіпкері алақандай Қызылсай деген ауылда  майданға кеткен отағасы Әлімбай мен ұлы Жексенқұлды  күтумен өткен ғұмыры аңызға айналған қырғыз қызы Қали шешеміз  еді. Қолындағы  Қосшығұлы мен   қызы  да ерте үзіледі. Ол трагедияны айтып жеткізу мүмкін емес.. "Соғыстың әділетсіздігі сонша, өз бойыңыздағы ар-ожданыңыздың дауысын естімейсіз" деп Л.Толстой айтқандайын, кез келген соғыста жеңіс болмайды, тек жеңіліс ғана болады. Оның санаға түсірер салмағы, жүйкені жүндей түтетін тақсіретін ешкім де ақтап ала алмайды. Мұндайда бар ауыртпалық ең алдымен  ана жүрегіне түсері  сөзсіз. Қали апа да сондай алабөтен тағдыр,  делқұлы өмір кешті. Күн-түн санап жоқтау айтатын жағдайға жетті.  Бір ауыл сол шерменде шешеміздің шерлі үнімен күнін  батырып, таңын  атыратын.Бір өзі бір соғыс симфониясын жазып шыққан адам. Оның өмірі  өзгеден алабөтен еді дейтініміз де содан. Қалың малына бөркін беріп алған Әлімбайға деген шексіз сүйіспеншілігі ғой, тағдырдан қанша аяу көрмесе де тиіп тұрған төркініне де  аттап баспады. Осы бір аңызға бергісіз жағдай қайсыбір жылы "Лениншіл жастың" редакторы С.Бердіқұловтың тапсырмасымен жолға алып шыққан. Мына пақырыңыз "Қайыспас қара кемпірлер" деген арзу мақала жазған. Ол сол тұста Бауыржан Омарұлының бағалауынша, қазіргі тілмен айтқанда хит мақала болыпты.
Айтпағым не?  Әйгілі композитор Алтынбек Қоразбаевпен әр ұшырасқандағы әңгімеміз осы апаммен басталып, апаммен аяқталады. Бүгін де солай болды. Қысқартып айтайын. 
Алтекең 1995 жылы өз қаражатына анамызға күре жолдың бойында өткен-кеткен жұрт таңырқап қарайтын ескеркіш орнатты. (суретте).



 Ескерткіш авторы , Астанадағы Абайды жасаған марқұм Болат Досжанов еді. Рухы шат болсын! Алтекеңнің бұдан соң да өтініш айтып алтын басын тықпаған жері қалмады. . Ендігі жерде апамыздың тұрған үйін мұражайға  айналдырып, бір ауылдың шерлі шежіресін жасамақ талпынысы тығырыққа тіреліп келеді.   Атағы жер жарған өнерпаз осындай пұшайман күй кешкен соң не дейсің? Бізде өзі тұлғалық биікке жетпеген адам тұлғаны қайдан тыңдасын?! Шешеміздің тұрған үйінің жағдайын осыдан қырық жыл бұрын жазған мақалада да айтқанбыз. Ал қазіргі күйі мынау (суретте). Өркениетті, өскен елдерде мұндай жер бос тұрмас еді.Айтайын деп айтпайсың.Қай елде екенін ұмытып отырмын, "Журавлиге",  әнге орнатқан ескерткішті еске алыңыз. Комитастың азалы әуенін де еске түсіріңіз. Айта берсе мұндай жағдай  өзге елдің мысалында көп. Бірер жылда ел аузында айтылып келе жатқанына  жарты ғасыр толатын "Қара кемпірдің" одан несі кем? Жапонға барғанда өз көзімізбен көрдік. Қирап қалған Хиросима мен Нагасакидегі кейбір үйлер сол қасыреттің белгісіндей әйнекпен қоршалып сақталған. Сол алапатта жоғалып кеткен адамдардың тізімі әлі де арнаулы мұражайдағы тақтайшадағы бос орынға  жазылып жатыр.  Тіпті сол кезде көмекке берілген кеңес трамвайлары көшелерінде әлі каңғалақтап жүр.Соны көрген жер жүзінен толассыз ағылған туристер таңданып, , таңдай қағып кетеді. Ел ғой. Шіркін дейсің, егер шеберлері табылса шешеміздің үйін де  ғажап тарихи тағылым алар орынға айналдыруға әбден болар еді. Апамыздың тоқал тамы арнайы әйнекпен қоршалып (қазір құрылыс материалының неше атасы бар ғой), айналасын гүлдендіріп, түрлі символкалық көріністерімен кескіндеп, топырағын басқаннан "Қара кемпір" ән толғауы ойнап тұрса, біткен іс  сол емес пе? Бүгінгі, келер ұрпақ үшін тәрбиелік маңызы өлшеусіз бұл ұсынысқа  әзірге жергілікті жердегі бүгінгі күнмен ғана өмір сүріп, жантайып жатып жарлық күткен, пайыз қуған пақырлардың зердесі жетер емес. 
Тағы да айтайын, Алтекенің алтын басын иіп ашпаған есігі қалмады. .
...Қырғыздарға айтамыз ба, қайтеміз?


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02