Құтырма ауруы қалай жұғады?

Құтырма ауруы қалай жұғады? gov.kz

Жыл сайын 28 қыркүйекте Дүниежүзілік құтырмаға қарсы күрес күні атап өтіледі.


Құтырма - бұл адамдар мен жануарлардың аса қауіпті, өлімге әкелетін инфекциялық  ауруы, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Адам жабайы және үй жануарларының (жабайы, қаңғыбас және үй жыртқыштары), сондай-ақ жарқанаттардың  сілекейімен немесе жануарлардың секрецияларымен, шырышты қабаттарымен және тістеумен құтырманы жұқтыруы (барлық жануарлар ауыруы мүмкін) мүмкін.


Құтырма ауруының белгілері: дене температурасының жоғарылауы, депрессия, ұйқысыздық, мазасыздық, тістеген жердегі ауырсыну (және ұзақ уақыт бойы тыртықтар), шудан, жарықтан тітіркену, аяқ-қол бұлшықеттерінің құрысуы, судан қорқу, сандырақ, қорқыныш сезімі, галлюцинация, ауа қозғалысынан қорқу, сілекей бөлінудің артуы, тұншығу және тыныс алу бұлшықеттерінің параличі.


НЕГІЗГІ ЕСКЕРТУ ШАРАЛАРЫ:


- үй жануарларының құтырмасына қарсы вакцинациялау жасаңыз, егер жануардың мінезінде оғаштық байқалса, ветеринарға хабарлаңыз;
– жануар тістеген кезде (көбінесе ит), ең алдымен, сабынның көп концентрациясы бар сумен тістеген және сілекей аймағын барынша жуыңыз;
- дереу медициналық мекемеге хабарласыңыз, өйткені зардап шеккен адамды құтырмадан құтқарудың жалғыз жолы – уақтылы вакцинациялау.


ӨЗІҢІЗГЕ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАҢЫЗ!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:10

15:21

14:09

13:21

12:04

11:36

11:04

10:37

10:10

09:32

09:21

09:02

21:53

18:01

17:48

17:28

17:12

16:59

16:42

16:29

16:16

16:02

15:45

15:32

15:15