Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Лайфстайл / Құтқаруға берілетін 96 сағат: кене шаққанда не іст...

Құтқаруға берілетін 96 сағат: кене шаққанда не істеу керек және Алматыда қайда жүгінуге болады?

Лайфстайл Бүгін 16:23 31
Құтқаруға берілетін 96 сағат: кене шаққанда не істеу керек және Алматыда қайда жүгінуге болады?
Алматы әкімдігі

Жылы мезгіл басталысымен кене шағу қаупі артады. Кене - кене энцефалиті сияқты қауіпті жұқпаны тарататын жәндік, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

№36 қалалық емхананың дәрігер-инфекционисі Қайдарбек Мерей мұндайда уақыттың әр минуты қымбат екенін айтады.

Кене шаққаннан кейін алғашқы 96 сағат ішінде дәрігерге қаралу қажет. Дәл осы кезеңде кенеге қарсы иммуноглобулин енгізу тиімді, ол аурудың даму қаупін төмендетеді.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, шұғыл көмек - кенені алу, иммуноглобулин енгізу - қалалық ауруханалардың жарақат пунктерінде көрсетіледі.

Алмалы және Бостандық аудандарының тұрғындары Жандосов көшесі, 6 мекенжайы бойынша орналасқан Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жүгіне алады.

Түрксіб және Жетісу аудандары үшін көмек Папанин көшесі, 220 мекенжайы бойынша №4 қалалық клиникалық ауруханада көрсетіледі.

Әуезов, Алатау және Наурызбай аудандарының тұрғындарын Қалқаман шағынауданы, 20 мекенжайындағы №7 қалалық клиникалық аурухана қабылдайды.

Медеу ауданының тұрғындары Қазыбек би көшесі, 96 мекенжайындағы Қадалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жүгінуі керек.

14 жасқа дейінгі балаларға көмек тұрғылықты жеріне қарамастан Манас көшесі, 40 мекенжайындағы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында көрсетіледі.

Егер кене қаладан тыс жерде шақса және бірден дәрігерге жүгіну мүмкіндігі болмаса, алғашқы көмекті дұрыс көрсету маңызды.

Кенені пинцетпен не жіппен теріге барынша жақын жерінен ұстап, асықпай, айналдыра отырып шығару керек. Одан кейін шаққан орынды антисептикпен өңдеу қажет. Мүмкіндік болса, кенені кейін зерттеу үшін ішіне дымқыл мақта салынған таза ыдысқа салып сақтаған жөн. Мамандар кенені алу кезінде май немесе спирт қолдануға кеңес бермейді - бұл инфекцияның қанға түсу қаупін арттырады.

Кенені өзіңіз алып тастағанның өзінде дәрігерге қаралуды кейінге қалдыруға болмайды. Қауіп деңгейін тек маман бағалап, қажет болса иммуноглобулин енгізеді.

Алдын алудың ең тиімді жолы - кене энцефалитіне қарсы екпе салдыру. Екпе емханада және жекеменшік медициналық орталықтарда жасалады. Вакциналау 1-3 ай аралығымен екі кезеңнен тұрады, кейін 5 айдан 1 жылға дейін қайта егіледі. Екпені маусым басталғанға дейін, яғни күзде не қыста алған дұрыс, сонда иммунитет уақытында қалыптасады.

Маңызды: кене шаққаннан кейін жоспарлы вакцина қорғамайды. Мұндай жағдайда шұғыл алдын алу қажет. Дәрігерлер кене шағуын елемейге, дер кезінде медициналық көмекке жүгінуге шақырады. Бұл ауыр асқынулардың алдын алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кене #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

Бүгін 17:17

Бектенов «Семей орманы» резерватының жарақтандырылу деңгейін тексерді

Бүгін 17:00

Дина Исламбекова бокстан Азия чемпионатында алтын медальға ие болды

Бүгін 16:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика