AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Құсбегіліктен ел чемпионаты аяқталды

Құсбегіліктен ел чемпионаты аяқталды

Спорт 27.02.2023, 03:30 1,397 Almaty-akshamy
Құсбегіліктен ел чемпионаты аяқталды
Сурет: Ашық дереккөз

Ителгілер сайысы қызықты өтті


Атырауда құсбегілердің ересектер арасындағы республикалық ХVІ чемпионатының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Чемпионатқа Астана, Алматы қалаларымен бірге, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау, Павлодар, Атырау, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының облыстарынан 50-ге жуық құсбегі қатысты. Олар 31 бүркіт, 11 қаршыға мен 10 ителгіні сынға түсірді.


Бүгін ақтық сында 5 бүркіттің екі шартты орындау шеберлігі тексерілді. Оның бірі – қасқырға шүйлігу. Ал, екіншісі – шырғаға тарту. Осындай сынның қорытындысымен Астана қаласының тұрғыны Серікбек Күнтуған «Алғыр», атыраулық Арман Қошқаров «Нарын» бүркітімен 3-жүлдеге ие болды. Сайысқа «Заңғар» бүркітін қосқан Абай облысының өкілі Ерзат Байқадамов 2-орынды иеленді. Ал, елордалық Арманбек Күнтуғанұлы «Қарашолақ» қыранымен ел чемпионы атанды.


Бұл чемпионатта сайысқа түскен қаршығалар нағыз бабында екені байқалды. Қаршығалар сайысында үшінші орынды астаналықтар – Күнтуған Серікбек «Найзатұяқ», Құдайберген Рауилұлы «Чипок» аталатын құсымен иеленді. Ал, Түркістан облысының тұрғыны Бағдат Кеуенов «Тарлан» қаршығасымен екінші жүлдеге қол жеткізді. Тағы бір түркістандық Дәурен Аршабай баптаған «Тұйғын» бірінші жүлдеге ие болды.


Ителгілер сайысы қызықты өтті. Бұл сайыста түркістандық қос құсбегінің ителгісі үшінші жүлденің иесі атанды. Олар – Ибрагим Базарбаевтың «Қаракөзі» мен Бағдат Кеуеновтің «Тұмары». Екінші орын Жамбыл облысынан қатысқан Бақдәулет Бабажанның «Қаракөз» атты ителгісіне берілді. Бірінші жүлдені Ақмола облысының намысын қорғаған Ерлан Кенжетаевтың «Ақбас» атауы бар ителгісі иеленді.


Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда құсбегілердің республикалық чемпионаты өтіп жатқанын жазған едік.
Республикалық құсбегілік федерациясынан чемпионатқа қатысушыларға күн райы кедергі келтіріп тұрғанын мәлім еткен болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құсбегі #чемпионат #Аң аулау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика