AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Құрғақ шөп қауіп болуы мүмкін: Алматы орман өртіні...

Құрғақ шөп қауіп болуы мүмкін: Алматы орман өртінің алдын алуға кірісті

Барлығы 31.07.2025, 12:48 504
Құрғақ шөп қауіп болуы мүмкін: Алматы орман өртінің алдын алуға кірісті
сурет: ашық дереккөзден

Алматы табиғи аймақтарды өрттен қорғау үшін жаңа шешімдерді қолданысқа енгізе бастады. Бейнемониторинг жүйелері, дрондар мен басқа да арнаулы құралдар таулы аймақтарда шыққан түтінді жылдам анықтауға мүмкіндік береді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылауы басқармасының бастығы Константин Канин осылай деп мәлімдеді.

Қала ішінде орман алқабы болмағанымен, Алматы қаласында өрт қаупі артқанда ерекше назар аударуды талап ететін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар орналасқан. Бұл – 20 805 гектар Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі, 708,2 гектар «Медеу» табиғи паркі мен 137,7 гектар Баум тоғайы.

Жыл басынан бері қала аумағында құрғақ шөп тұтанған 341 оқиға тіркеліп, оның жалпы алаңы 34,3 гектарға жеткен. Маусымдық күн райын ескере отырып, қалалық және республикалық қызметтер табиғи өрттің алдын алып, қауіп-қатерді барынша азайту үшін кешенді іс-шаралар жүргізе бастады.

«Мониторинг жүргізіп, жедел әрекет ету үшін DJI Air 2S және DJI Matrice 300 сияқты төрт дрон қолданылады. Сонымен қатар, қала әкімдігінің қолдауымен «Медеу» табиғи паркінің аумағында орталықтандырылған бейнемониторинг жүйесі енгізілді. Бұл жүйеде оптикалық-сенсорлық құрылғылар мен үш жылу камерасы бар, олар Шымбұлак, Медеу мен Бутаковка (Шыбындысай) шатқалының аумағында орнатылған», - деп атап өтті Константин Канин.

Өрт қаупін азайту мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті мен қала әкімдігі 237 гектар аумақтағы құрғақ өсімдіктерді отап, 104 шақырым минералданған жолақтар жасады, олар тұрғын үй аумақтарымен шектеседі.

«Сонымен қатар ақпараттық жұмыс пен сақшылық та қоса жүргізіліп жатыр. Қоршаған ортаны қорғау және орман шаруашылығы мекемесінің өкілдерімен бірге 90 рейд жасадық, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы 7000-нан астам ескертпе таратылды, ашық жерге от жаққан 19 оқиға анықталып, 17 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлдың жалпы көлемі 3 миллион теңгеден асып түсті», - деп атап өтті Константин Канин.

Алматының табиғи аумақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өртке қарсы біріктірілген топ жұмыс істейді: күн сайын 13 адам мен екі техника кезекшілікте болады. Қажет болған жағдайда жеке құрамнан 100 адамға дейін қосымша күш тағы тартылады. Сондай-ақ қызметте 1000-нан астам өрт сөндіру құралы бар, оның ішінде арқалық өрт сөндіргіштер, шөп шабатын құралдар мен орман өрттерін сөндіруге арналған құрылғылар бар. Алматы қаласының 20 өрт сөндіру бөлімшесі де өрт қауіпсіздігін бірге бақылайды.

«Өрт қауіпсіздігіне даярлық – біздің ортақ міндетіміз екенін атап өткім келеді. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары таулы және орманды аймақтарда барынша абай болуы керек. От жағып, мангалды оңды-солды пайдаланбаңыздар, сіріңке мен темекі тұқылдарын тастамаңыздар, қоқысты, әсіресе әйнек пен пластикті қалдырмаңыздар, құрғақ шөпті өртемеңіздер. Осы бір қарапайым ережелерді сақтау арқылы сіздер табиғатты сақтап, тыныштықты қамтамасыз етуге сеп боласыздар», - деді Константин Канин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тау #өрт #қауіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтарға арналған ерекше мүсін

Бүгін 14:03

Наурыз тойының шығуына байланысты аңыз-әфсаналар

Бүгін 13:45

«ЖАЗЫЛ ДА, ҰТЫП АЛ!»: Байқау жеңімпаздары анықталды

Бүгін 13:24

Air Astana Наурыз мейрамын жаңа борттық мәзірмен және мерекелік жаңалықтармен қарсы алады

Бүгін 13:16

Бүгінгі валюта бағамы

Бүгін 12:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика