AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Құранды өртеген Ресей азаматы 3,5 жылға сотталды

Құранды өртеген Ресей азаматы 3,5 жылға сотталды

Заң мен тəртіп 28.02.2024, 05:02 1,141
Құранды өртеген Ресей азаматы 3,5 жылға сотталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Ол үкімді тыңдағаннан кейін барша мұсылмандардан кешірім сұраған.


Грозный соты 2023 жылы 4 мамырда Құран кітабын өртеген Волгоград тұрғыны Никита Журавельге үкім шығарды. Ол енді жазасын жалпы режимдегі түрмеде өтейтін болады.


Тасс агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ол сот үкімін тыңдағаннан кейін барша мұсылманнан кешірім сұрап, сот үкімін әділ деп санайтынын мәлімдеген. Бұған дейін ол Ислам дінін қабылдағысы келетінін айтқан. Тіпті, Құран оқып алғашқы қадамдарын жасап жүргенін жеткізіпті.


Десекте, Журавельдің адвокаты Юлия Антонова үкімге шағым түсіретінін мәлімдегенін жазды интернет басылымы. Қорғаушының айтуынша, үкімнің қаншалықты заңды екенін қылмыстық істер бойынша сот алқасы қарауы керек.


Еске салсақ, Никита Журавельге қатысты іс Волгоградтағы мешіт маңында Құран кітабын өртегені қозғалған болатын. Осы ісі үшін ол 20-мамырда ұсталып, 22-мамырда қамауға алынды.
Тергеу барысында өзіне тағылған айыпты ішінара мойындаған. Айта кету керек, Журавельдің мұндай келеңсіз әрекеті Шешенстанда мыңдаған адамның ереуілге шығуына себеп болған.


Есіңізде болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы шілдеде бірқатар мемлекетте болған Құранды өртеу актілерін қазіргі әлемдегі жағдайды шиеленістіруге, халықтар мен мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталған арандатушылық әрекет екенін айтқан болатын. 



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құран #өртеу #оқиға #қылмыс #сот #бас бостандық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

Бүгін 22:45

Қазақстан-Германия бизнес форумында маңызды келісімдер жасалды

Бүгін 22:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Бүгін 21:00

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 20:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);