AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қуандық Бишімбаевтың балаларына алимент төленбеген

Қуандық Бишімбаевтың балаларына алимент төленбеген

Заң мен тəртіп 04.04.2025, 12:30 597 yakiya
Қуандық Бишімбаевтың балаларына алимент төленбеген
Сурет: Islam.kz

Бұл туралы Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Youtube-те бейнежазба  жариялады. 

Назым Қахарман Бишімбаевтар отбасы алимент төлеуден толық бас тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

Оның айтуынша, биыл ұлы Кәрімнің мектептегі оқу ақысы бойынша үш транштың екеуі төленбеген.

"Қуандық пен оның отбасы оны төлеген жоқ. Былтыр демалыстың ешқайсысы да төленбеді. Сол сияқты психологтің қызметі де төленген жоқ. Басымыздан ауыр психологиялық травма өткергендіктен, психологке жиі жүгіндік. Мен барлық төлеген сома туралы ақпаратты адвокат Ғазымжановқа жіберіп отырдым. 1,5 жыл ішінде үлкен сома шықты. Алайда олар ешқандай жауап берген жоқ. Денсаулық тақырыбын көтермей-ақ қояйын. Себебі ешбір дәрігердің қызметі, дәрумендер мен дәрінің құны төленген жоқ. Алайда осындай күйзелістің зардабын түсініп отырған шығарсыздар. Мен мұнда барлық шығын көлеміне тоқталып отырған жоқпын. 2020 жылы ажырасқан кезде алимент туралы келісім жасалған болатын", - деді ол өзінің Youtube-арнасындағы жазбада.

Сөзінше, ажырасқан кезде Қуандық Бишімбаевта алиментті төлемеу мүмкіндігі болды. Себебі Назым Қахарман оны ата-ана құқығынан айыру туралы өтініш берген.

"Алайда ол сотта жауапкершілікті алып, өзінің міндеттерін орындайтынын мәлімдеді. Өкінішке қарай, алимент туралы еске салып отыру керек. Мен осы мәселе туралы Баян атты адвокатқа хабарласып отырдым. Мысалы, осы видео таспаланған 28 наурыз күні осы наурыз айы бойынша алимент әлі түспеді. Олар өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында алиментті жүйелі түрде аударып отырды", - деді ол.

Экс-министрдің бұрынғы жұбайы 30 наурыз күні оған Бишімбаевтар отбасының адвокаты хабарласқанын айтты. Сөзінше, адвокат олардың алимент төлеуден толық бас тартатынын мәлімдеген.

"Осыған дейін абьюздің тікелей жасалынбайтынын, ол әрдайым ұрып-соғу дегенді білдірмейтінін айтқан едім. Бұл манипуляция да болуы мүмкін", - деді Назым Қахарман.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қуандық Бишімбаев #Назым Қахарман #Алимент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);