Құрылтай депутаттарын сайлау күні Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының төрағасы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Өмірбек Жұбаниязов №577 сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Өнер қайраткері сайлаудың ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап, елдің ертеңіне жауапкершілікпен қарауы маңызды екенін жеткізді.
«Бүгін ерекше күн. Құрылтай депутаттарын сайлау – еліміздің болашағы үшін маңызды саяси науқан. Әрбір қазақстандық азаматтық борышын өтеп, елдің ертеңі үшін таңдау жасауы керек. Мен де дауыс бердім», – деді Өмірбек Жұбаниязов.