Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-на...

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат жұмыстарын аяқтады

Әлеумет 18.11.2022, 13:11 1,067
ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат жұмыстарын аяқтады
Сурет: Ашық дереккөз

Мейрам Қажыкен туған өлкесі – Павлодар облысынан бастап Қазақстанның барлық өңірлерін аралады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Павлодарға үміткер автоколоннаның сүйемелдеуімен шықты. Ол өзінің сайлау науқанын символикалық түрде аяқтады. Штаб қызметкерлері оған естелік акция дайындады. Олар Шымкенттегі алаңға үгіт-насихат атрибуттары бар автокөліктермен келіп, көліктерден МЕЙРАМ сөзін құрастырды. Кортежді жауып тұрған көліктен үміткердің өзі шықты. Алаңда оны еріктілер күтті. 



"Бүгін мен сайлау алдындағы үгітімді аяқтап жатырмын. Осы уақыт ішінде мен командамен Қазақстанның 14 өңірінде болдым, онда мыңдаған сайлаушылармен: жұмысшылармен, қызметшілермен, студенттермен, зейнеткерлермен кездестім. Жүздеген ұсыныстар мен нақты мәселелерді тапсырмаларды тыңдадым. Адамдар жақсы жаққа өзгергісі келетінін түсіндім. Бұл ең маңыздысы! Өкінішке қарай, 6 облысқа баруға уақыт тапшы болды. Сайлаушылардан кешірім сұраймын", - деді кандидат қорытындылай келе.



Сондай-ақ, қаланың  аспанына адамның бостандығын, қадір-қасиетін, әл-ауқатын, тәуелсіздігі мен жауапкершілігін бейнелейтін аэростат ұшырылды. Президенттікке кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында осы қағидаттардың барлығын алға тартады.


Үгіт-насихат кезеңінің соңғы күнінде М. Қажыкен қасиетті орын – Түркістанда болды. Ол барлық аймақтық сайлау штабтарының қызметкерлеріне, серіктестері мен жақындарына көмек пен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.



"Менің сенімді адамдарыма, штаб қызметкерлеріне және бүкіл Қазақстан бойынша еріктілерге күнделікті еңбегіңіз үшін алғыс айтамын. Сіздер облыс орталықтарынан шалғай аудандарға бардыңыздар, ұжымдармен сөйлестіңіздер, кез келген ауа-райында парақшалар тараттыңыздар. Сіз керемет жұмыс жасадыңыздар. Көп рақмет. Біз жеңе алатынымызға сенімдімін", - деді Мейрам Қажыкен.



Әрбір кездесуде ол қандай жағдайларға тап болмасын – мейлі ол ГЭС – тегі гидрогенераторлардың немесе шахталардағы бұрғылау машиналарының шуы болсын, электр мыс балқыту пешінен шыққан шу болсын немесе теңіз портындағы жүк кемелерінің ұзын жүктасығыштарының кедергілері болсын-М.Қажыкен әрқашан сайлаушыларға әлеуметтік, экономикалық және саяси салаларды реформалау бойынша өз ұсыныстарын жеткізіп отырды.


Ол ең төменгі жалақы есептеулерін, азық-түлік қоржынының құрамын қайта қарауды, зейнетақыны арттыруды, зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін әйелдер мен жұмысшылардың зейнеткерлік жасын азайтуды ұсынады. Өз бағдарламасында кандидат әскери-өнеркәсіптік кешен құруды, атқарушы билікті реформалауды, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жаңғыртуды, республикалық бюджеттің денсаулық сақтауға арналған қаражатын ұлғайтуды жақтайды.


Бірақ Мейрам Қажыкен өзі үшін ең басты міндет азаматтық қоғамды дамыту болып табылады.



"Бағдарламаның басты бағыты-адам, оның құқықтары мен мүдделеі.Қазақстанда жүзеге асыра алатын мүмкіндіктері мен қабілеттері. Ол үшін мемлекет қолайлы жағдай жасауы керек", - деді ол.



Естеріңізге сала кетейік, өнеркәсіптік, энергетикалық, мұнай және басқа да кәсіпорындардағы кездесулер кезінде қызметкерлер еңбек адамын бейнелейтін және қолдауды білдіретін мейрам Қажыкенге қорғаныс каскаларын табыстаған болатын.


Мейрам Қажыкенге каска тапсыру трендке айналды. Өткен айда елордалық штаб пошта арқылы құрылысшылардан, мұнайшылардан, кеншілер мен металлургтерден сенім каскаларын алды. Сәлемдемелер Қызылорда, Талдықорған, Петропавл, Қарағанды, Алматы, Маңғыстау облысы, Павлодар, Арқалық, Көкшетаудан келді. Жіберу сәтін жұмысшылар бейнеге түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады.
Кандидат 21 қазанда – үгіт-насихат басталып, сайлау штабтары ашылған күні кәсіподақ өкілдерінен алғашқы каскасын алған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #кандидат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ел өңірлерінде 40 градусқа дейін аяз болмақ

Бүгін 17:45

Алматыда алғаш рет кәмелетке толмаған науқасқа жамбас-сан буынын толық алмастыру отасы жасалды

Бүгін 17:21

ҚазҰУ конституциялық өзгерістерді талқылау алаңына айналды

Бүгін 17:20

Елімізде екі күн қатарынан өскен доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:10

Алматыдан көші-қон заңын бұзған 40 шетел азаматы шығарылды

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі