Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚР Президентінің жанындағы академияға түсу ережеле...

ҚР Президентінің жанындағы академияға түсу ережелері

Әлеумет 11.04.2023, 11:32 1,110
ҚР Президентінің жанындағы академияға түсу ережелері
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы филиалының директоры Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы академияға түсу ережелеріне тоқталып, түсіндірді.


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистратура мен докторантураға құжаттарды қабылдауды бастады. Бұл туралы және оқу мүмкіндіктері туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Академияның Алматы қаласы филиалының директоры Әйгерім Әбілова толығырақ баяндап берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Құжаттарды қабылдау 3 сәуірде басталып, ағымдағы жылдың 29 маусымына дейін жалғасады



«Біз мемлекеттік қызметшілерді, квазимемлекеттік және жеке сектор қызметкерлерін конкурсқа қатысуға және Академияның бір мүшесі болуға шақырамыз. Биыл 6 магистратура, 3 докторантура және 2 модульдік бағдарлама бойынша үміткерлер қабылданады, соған сәйкес, жұмыс орнында үзбей оқуға мүмкіндік болады», - деді А.Әбілова.



Спикердің айтуынша, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша талапкерлерге қойылатын міндетті талап мемлекеттік орган басшысы қол қойған жолдама болып табылады.
Шетелдік азаматтарды қоспағанда, тағы бір талап – мемлекеттік тілді меңгерудің қажетті деңгейін растау.


 Академияда қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған онлайн сервис әзірленді және QRT тестін тапсырғысы келетіндер үшін арнайы курстар қарастырылған.



«Академияның қазақ тіліндегі білімін бағалаудың өзіндік QAZAQ RESMI TEST жүйесі бар, оның нәтижелері Қазтестпен бірге Академияға құжат тапсыру кезінде қабылданады. Тілді меңгеру деңгейін бағалаудың дәстүрлі әдістерінен айырмашылығы, тестілеуді онлайн режимінде, компьютерден, кез келген уақытта, ыңғайлы жағдайда тапсыруға болады», - деп түсіндірді спикер.



Негізгі өзгерістерге келетін болсақ, мемлекеттік қызметші – Академия түлегін оқуға жіберген мемлекеттік органда жұмыс істеу міндетінен алынып тасталады.
Енді мемлекеттік қызметшілерге бес жыл емес, мемлекеттік қызметте үш жыл ғана жұмыс істеу керек.


Сонымен қатар спикер Академия ережелеріндегі басқа да өзгерістермен бөлісті:


– Сыртқы саясатты жүзеге асыру, халықаралық ынтымақтастық және шет тілдерін меңгеру үшін кадрларды даярлауды күшейту мақсатында «Халықаралық қатынастар» бағдарламасы бойынша оқу мерзімі 1 жылдан 2 жылға дейін ұзартылды.


- PhD бағдарламалары бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды.


- Егер өткен жылы мемлекеттік орган басшысының қолы қойылған жолдама алдынала оқуға түсу кезінде берілуі мүмкін болса, биылғы жылы талапкерлер құжаттарды қабылдау аяқталғанға дейін жолдаманы тапсыруы тиіс, яғни ағымдағы жылдың 29 маусымын қоса алғанда.


– Биылғы модульдік магистратура бағдарламасы тек мемлекеттік қызметші еместерге арналған


Сондай-ақ спикер 1-30 қараша аралығында модульдік магистратураға құжаттарды қосымша қабылдау жүргізілетінін ашық айтты. Құжаттар екі кезеңде қабылданады және академияның admission.apa.kz ақпараттық платформасында онлайн режимінде жүзеге асырылатынын брифингте толыққанды жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Академия #Әбілова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика