AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / ҚР Мәжіліс Төрағасы РФ Кеңесінің Төрайымымен парла...

ҚР Мәжіліс Төрағасы РФ Кеңесінің Төрайымымен парламентаралық диалог туралы сөйлесті

Билік 28.06.2021, 13:12 1,811
ҚР Мәжіліс Төрағасы РФ Кеңесінің Төрайымымен парламентаралық диалог туралы сөйлесті
Сурет: Рarlam.kz

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға серпін беруге назар аударды.


Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин елімізге ресми сапармен келген Ресей Федерациясы Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенко бастаған делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рarlam.kz сайтына сілтеме жасап.


Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.



Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Ресей - Қазақстанның стратегиялық әріптесі, сенімді досы және тату көршісі. Қос мемлекетті тамырын тереңге тартқан көп ғасырлық тарихи ортақ тамырластық біріктіреді.



Сондай-ақ, Палата Спикері қос мемлекет арасындағы қарым-қатынас Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің өзара сындарлы келісімдерінің арқасында жоғары деңгейде даму жолына түскенін,  бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеумен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор көңіл бөлетінін атап өтті.



 Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин мәртебелі мейманға  еліміздегі заң шығару қызметінің жаңалықтары туралы, саяси, әлеуметтік, экономикалық реформалар және оларды заңдық деңгейде қаматамасыз ету барысындағы жетістіктер жайында баяндап берді. Өз кезегінде Ресей Федерациясы Кеңесінің төрайымы пандемияға қатысты шектеулерден кейінгі алғашқы сапарын арнайы Қазақстанннан бастап отырғанын атап өтті. Валентина Матвиенко еліміздің 30 жылдық мерейтойын сөз ете келіп, тарихи өлшеммен алғанда аз ғана уақыттың ішінде, біздің мемлекеттің  экономикасы дамыған, әлемдік беделі жоғары, заманауи демократиялық елге айналғанын, Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі екенін, қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен табысты жалғасып келе жатқанын баса айтты. 



 Сонымен қатар, екі ел арасындағы өзара тиімді іс-әрекетке, өзара құрметке негізделген берік ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта қарқынды дами беретініне тоқталды.  Кездесу иелері парламентаралық, соның ішінде, ТМД парламентаралық ассамблеясы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт парламенттік ассамблеялары, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Парламентаралық Одақ аясында ықпалдастықты тереңдету жөнінде әңгімеледі.  


 Нұрлан Нығматулин мен Валентина Матвиенко парламентаралық диалог Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға серпін беретініне назар аударды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Омск #Казахстан #фильм #показ #Қазақстан #Ресей #Нығматуллин #Матвиенко
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесі Павлодарда кәсіподақтармен кездесу өткізді

Бүгін 19:33

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақ президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дикті қабылдады

Бүгін 19:15

Мақта, жылыжай, жергілікті өндіріске арналған өнеркәсіп паркі: Серік Жұманғарин Түркістан облысы өндірушілерінің жұмысымен танысты

Бүгін 17:45

«Заң мен тәртіп»: Алматы колледждерінде жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтілуде

Бүгін 17:36

Дархан Сатыбалды «12 месяцев» кешеніндегі тұрғындардың шағымдарын бақылауға алды

Бүгін 17:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);