AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚР Жазушылар одағының мүшесі Төреғали Төреәліні со...

ҚР Жазушылар одағының мүшесі Төреғали Төреәліні сотқа бермек

Әлеумет 28.05.2024, 11:50 1,077 Almaty-akshamy.kz. 
ҚР Жазушылар одағының мүшесі Төреғали Төреәліні сотқа бермек
Сурет: Tengrinews.kz

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, оралдық ақын Мұнайдар Балмолда танымал эстрада әншісі Төреғали Төреәліні сотқа бермекші, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Балмолда өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында "Қазақтың жылқылары" атты өлеңінің түпнұсқасын жариялап, оқырмандарымен бөлісті. Бұл өлеңге композитор Алтынбек Каресов ән жазған. Алайда, Төреғали Төреәлі бұл әнді рұқсатсыз иемденіп алып, мәтінін өзгертіп, өз атымен орындағаны үшін ақын наразылық білдіруде.

"Ақырында Төреғали Төреәлінің көзі түсіпті. Түскені құрсын, ұрлап алып, сөзін жоқ қылып, оның орнына Қайнар Алакөзовке сөз жазғызып алып, бір қожалықтың әні қылып, айтып жүр екен! Tik-tok-тан байқап қалып, ескерту жасадым. Жақсылықпен қоя қой, менің авторлық құқыма қолыңды сұқпа деп! Жоқ, бұл бала сөзді түсінбейтін болып тұр. YouTube арнасында, өзінің парағында осы ән тұр деп жігіттер хабарласып жатыр. Бұл әнші жігіт Алтынбекке (композиторға) хабарласып, әнді сұрапты. Алтынбек өзінің келісетінін, бірақ Мұнайдар ағамнан рұқсат сұраңыз депті. Ал Төреғали мені адам екен демеген, ағам екен демеген, өзім білемге салыпты. Ал осынысы дұрыс па? Менен сұраған да жоқ. Мен рұқсат бермейтін де едім. Сөзін өзгертпей айтса, онда ойланатын едім. Ол менің сөзімді жоқ қылған ғой. Ән өлеңіме бола туды, соған арнайы жазылды. Бірінші өлең туды, соған менің тапсырысыммен ән жазылды. Сонда бұл әннің авторы кім? Сотқа берсем ше? Менің әнімді рұқсатымсыз алғаны аздай, онымен өзіне жалған абырой жинап жүр. Мұғалжар жылқысы жайлы әндетіп, біреулерден ақша алып, мейманасы тасып тұрған болар. Осылай менің Қазақтың жылқыларына, яки ұлтымыздың, халқымыздың асыл жануарына арнаған әнімді тапап өтпекші, жоқ қылмақшы", - дейді Мұнайдар Балмолда.

Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, көптеген пікірталастарға себеп болды. Авторлық құқық мәселесі тағы да күн тәртібіне қойылды. Төреғали Төреәлінің бұл әрекеті заңгерлер мен өнер сүйер қауымның назарына ілікті. Алдағы уақытта сот процесінің қалай өрбитіні үлкен қызығушылық тудыруда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұнайдар Балмолда #Төреғали Төреәлі #авторлық құқық #Қазақтың жылқылары #Сот процесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);