ҚР ІІМ Алматы академиясы 2025-2026 жылға оқуға қабылдайды

ҚР ІІМ Алматы академиясы 2025-2026 жылға оқуға қабылдайды Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің М. Есболатов атындағы  Алматы академиясы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқытуға құжат қабылдай бастады

Оқу орнының өкілдері  Альбина Тұрғынбаева мен Мадина Бейілқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда академияға түсудің ережесі мен талабы туралы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ішкі істер саласына кәсіби кадрлар даярлайтын 70 жылдық тарихы бар академия қазір еліміздегі ең үлкен оқу орны саналады. 

Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы Альбина Тұрғынбаеваның айтуынша, академия криминалды полицияның, киберқылмыспен күрес бөлімшелерінің, әкімшілік полицияның, сонымен бірге тергеу бөлімшелері, ақпараттандыру мен байланыс қызметінің мамандарын даярлайды. Оқу бағдарламасына мыналар кіреді:   

- «Құқық қорғау жұмысы»;
- «Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл»;
- «Ішкі істер органдарының жұмысын IT-криминалистика тұрғысынан қамтамасыз ету (Цифрлы криминалистика)»
- «Ішкі істер органдарын ақпараттық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету»
- «ІІО-ғы сотқа дейінгі тергеу». 

«Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл» мен «Ішкі істер органдарының жұмысын IT-криминалистика тұрғысынан қамтамасыз ету (Цифрлы криминалистика)» бағдарламасына түскендер әріптес ЖОО-ның қосдипломды бағдарламасымен оқи алады. 

Алматыдағы академияда оқудың артықшылығы:  
- Мемлекеттік тапсырыстың негізінде оқуға түсіп, оқиды. Жайлы жатақханада тұрады, қазіргі заманғы техникамен жабдықталған аудиторияда оқиды, стипендия алады, тамағы тоқ болады, керек-жарағын береді, дәрігер қарайды, тегін спорт секциясына (жаттығу, күрес залы, боксқа арналған ринг, бәрі олимпиада стандартына сай) қатысады, пойызбен тегін қатынайды;   
- Оқуға кеткен уақыт әскери міндетті өтегенмен бірдей саналады;
 - Оқу бітіргендер 100% жұмысқа орналасады; 
 - Оқуды бітірісімен әрқайсысына «ұлттық қауіпсіздік пен әскери істің бакалавры» дәрежесі қатар жүретін мемлекеттік диплом мен «полиция лейтенанты» деген арнаулы шен беріледі. 

Алматы академиясына бакалавриат бағдарламасымен оқуға он алты жасқа толған, орта білімі бар Қазақстан Республикасының азаматын алады. Оған: 
-    Ақпан мен мамыр айының аралығында тұрғылықты жердегі полиция бөлімшесіне барып, не қажет құжаттарды толтыру үшін мына сілтемедегі – https://alpolac.edu.kz/ академияның сайтына кіру керек. Оқуға түсердегі Ұлттық бірыңғай тест мамыр мен шілде айының аралығында өтеді.  
-  Оқуға түсетіндер кез келген бағыттағы екі пәнді (шығармашылық экзаменінен бөлек) таңдап алуына болады. 

Байқауға қатысу үшін кем дегенде 50 баллдан, оның ішінде әр пәннен 5 баллдан жинауы тиіс. «Оқу сауаттылығы» мен «математикалық сауаттылық» пәнінен өту балы 3 баллдан төмен болмайды. 

Алған балына, медициналық тексерістен өткенін растайтын қорытындысына қарай, дәрігерлік тексеру мен ҰБТ-дан сәтімен өткендерді кейін Алматы академиясына шақырады дейді, оқытушы-әдіскер Мадина Бейілқызы.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Гвардиясында әскери міндетін өтегендерді, алған балы талапқа сай келетіндерін, ҰБТ-дан 100 не одан да жоғары  балл алғандарын, спорт шеберлерін, жұмыс барысында қаза болған полиция қызметкерлерінің балаларын байқаудан тыс қабылдаймыз», - дейді, кәсіби даярлық факультетінің оқытушы-әдіскері Мадина Бейілқызы.   

Кандидаттар іріктеу кезінде мына мына жаттығудан да өтеді:  
 - 100 метрге жүгіру (жасөспірімдер, қыздар);
- 1000 метрге жүгіру (кросс), (жасөспірімдер, қыздар);
- Биік бағанға тартылу (жасөспірімдер);
- Шалқасынан жатып денені 1 минут бойы көтеріп ұстау (қыздар).

Оқуға қалай түсу керектігін Академияның сайтынан оқып, мына нөмірге де қоңырау шалып білсеңіз болады  +7 700 375 52 82; +7 708 684 49 70; +7 775 930 55 88 (WhatsApp)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:23

19:18

17:11

16:47

16:20

16:11

15:45

15:32

15:14

15:04

14:58

14:44

14:38

14:24

14:19

12:20

12:18

11:46

11:10

11:06

10:55

10:30

10:29

09:45

17:43