Алматы метрополитенінде кейбір қызметкердің шағымынан кейінгі жағдай түсіндірілді.
Әлеуметтік желілерде тозған қалыптар көрсетілген бейнероликтің таралуына байланысты БАҚ өкілдерімен Алматы метрополитенінің басшылығы 21 маусымда кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Компанияның хабарлағанындай, бұл бейне кәсіпорын басшылығы анықтағаннан кейінгі ескі қалыптардың сапалы – жаңа қалыпқа ауыстырып жатқанда түсірілген. Бейнені метрополитен басшылығының тапсырмасымен мамандар түсірген.
Электродеподағы кездесуде директордың міндетін атқарушы Алмазбек Орынбеков пайдалану мерзімі өткен қалыптардың сапасыз екенін түсіндірді.
«Бұл қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етпейді. Тек жиі ауыстыру керек, өйткені олар тез тозады. Мысалы, стандарт бойынша қалыптар 6 айға дейін жұмыс істеуі керек, ал бұл қалыптар орнатылғаннан кейін 3 ай ішінде үгітіле бастады», - деді ол.
Метрополитеннің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеріс аясында және мессенжерлердегі қылмыстық істерді қозғау мүмкіндігін туғызу үшін бұқаралық ақпарат құралдары арасында метрополитен қызметкерлерінің 2023 жылдың 4 желтоқсанында тағайындалған қазіргі басшының м.а. атқарушы Алмасбек Орынбеков жұмыстан швғарғаны туралы анонимді ақпарат таратқан. Мұндағы мақсат - әртүрлі мемлекеттік органдардвң да, жұртшылықтың да, соңғы жылдары құқық қорғау органдары тексеріп жатқан бұзушылықтардан назарын бұру.
Метрополитеннің баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басында тексерістер аясында қылмыстық іс қозғау үшін БАҚ өкілдері арасында мессенджерде 2023 жылғы 4 желтоқсанда тағайындалған қазіргі басшының м.а. Алмасбек Орынбековті жұмыстан шығару туралы метрополитен қызметкерлерінің талабымен анонимді ақпарат тараған. Мұндағы мақсат - әртүрлі мемлекеттік органдардың да, жұртшылықтың да, соңғы жылдары құқық қорғау органдары тексеріп жатқан бұрын анықталған бұзушылықтардан назарын бұру.
Директордың міндетін атқарушы бұл бастамашыл топ БАҚ өкілдерін бірнеше рет шақырғанын және шағымды түрлі инстанцияға жібергенін хабарлады.
«Олардың өтініші бойынша тиісті органдар тексеріс жүргізіп, тиісті шара қабылдайды. Қазір сол адамдар айтқан барлық бұзушылық іс жүзінде бұрыннан белгілі, қызметтік тергеулер, ішкі және сыртқы аудиттер жүргізілгенін, кейбір материалдың қорытындысы тіпті, құқық қорғау органдарына берілгенін атап өткім келеді», - деп сөзін түйіндеді Орынбеков.