Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қостанайдағы өрттің қазіргі жағдайы

Қостанайдағы өрттің қазіргі жағдайы

Оқиға 07.09.2022, 03:32 1,016
Қостанайдағы өрттің қазіргі жағдайы
Сурет: Ашық дереккөз

Эвакуцияланғандардың негізгі бөлігі өз үйлеріне оралды


Қостанай облысындағы ТЖМ жедел штбаы табиғи өртке қатысты бүгін сағат 8.00-дегі деректерді жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ондағы мәліметтерге қарағанда, елді мекендерге қауіп жоқ. Жалындап жанып жатқан учаскелер қалмаған, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Төрт аумақта (Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдары) қарауылдау шаралары ұйымдастырылған. Аздаған жаңбыр жауғандықтан, ауа ылғалдығы күшейді.



«Озерное, Лесное және Аманқарағай ауылдарында жағдай тұрақталды. Озерное, Аманқарағай ауылдарында тек локальды өрт ошақтарының бықсуы байқалады. Өрт сөндіру басталған сәттен бастап тікұшақтар әуеден 243 рет су шашты. Күштер мен құралдар негізгі жұмыс жүргізетін Бағаналы аудандарына қайта топтастырылды, онда жерді жырту жұмыстарын жүргізу үшін Қорғаныс министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың инженерлік техникасы да жұмылдырылады», - делінген хабарламада.



Өрт басталғаннан бері барлығы 2091 адам эвакуацияланды (3 қыркүйекте Аманқарағай, Озерное және Лесное ауылдарынан - 1841 адам, 5 қыркүйекте Бағаналы ауылынан Қазанбасы ауылына - 250 адам). Әулиекөл орта мектебінің (21 адам), мектеп-интернатының (1 адам), Қазанбасы орта мектебінің (20 адам) эвакуациялау пунктінде 42 адам, оның ішінде 14 бала бар. Эвакуцияланғандардың негізгі бөлігі өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарының үйінде.



«Барлығы 91 тұрғын үй зардап шекті: 85-і Аманқарағай ауылында және 6-ауы Озерный ауылында. Учаскелердегі өртті сөндіруге құрамында ТЖМ, ІІМ ҰҰ, Қостанай қаласындағы академиясының, Қорғаныс министрлігінің, ЖАО және облыстың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары: 79 бірлік техника, 6 әуе кемесі, 2 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамнан 721 адам тартылды. 12 адам (7 тұрғын: кәмелеттік жасқа толмаған бір адам, орман шаруашылығының 1 қызметкері, әкімдіктің 1 қызметкері, ТЖМ 3 қызметкері) жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік, улану алды, 1935 жылы туған бір адам қаза тапты», - деп жазды жедел штабтан.



4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асты, орман шаруашылығының жалпы ауданы - 107 257 гектар.


ТЖМ жедел желісі жұмыс істейді, оған ақпараттық сипаттағы 37 қоңырау түсті. Әулиекөл ауданының эвакопунктінде 7 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетеді. Консультативтік көмек 124 адамға көрсетілді және топтық жұмыс форматымен 45 бала қамтылды. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қостанай #өрт #ТЖМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика