AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қостанай облысында 44 адам жолда қалған

Қостанай облысында 44 адам жолда қалған

Оқиға 16.01.2026, 11:11 1,071
Қостанай облысында 44 адам жолда қалған
depositphotos.com

Қостанай облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігінде қозғалыс шектеліп, жолда қалған 44 жолаушы, оның ішінде 12 бала, қауіпсіз жерге эвакуацияланды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Қарабалық ауданында қолайсыз ауа райына байланысты "Алматы – Екатеринбург" автожолының 318–539 шақырым аралығы, яғни Қарабалық кентінен Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі бөлігінде жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Бұл шешім төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қабылданған.

Енгізілген шектеулер салдарынан "Челябинск – Тәжікстан" бағытымен қатынап келе жатқан жолаушылар автобусының қозғалысы тоқтатылды. Құтқару қызметтері мен жергілікті атқарушы органдардың жедел әрекетінің нәтижесінде автобустағы 44 адам, оның ішінде 12 бала, жылыту пунктіне орналастырылды.

Жолаушыларға қажетті барлық жағдай жасалып, олар қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді. Адамдар ауа райы жақсарғанға дейін жылыту пунктінде болады.

Мамандар қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпас бұрын автожолдардың жағдайын алдын ала нақтылауға, қозғалысқа шектеу енгізілген жағдайда сапарды кейінге қалдыруға кеңес береді. Сондай-ақ, жолға шыққан жағдайда өзіңізбен бірге жылы киім, қуатталған ұялы телефон және қажетті заттарды алып жүру ұсынылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қостанай облысы #ТЖМ #жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ЭКСЖ ұлттық жобасын жүзеге асыру: Қанат Бозымбаев жобалық кеңсенің отырысын өткізді

Бүгін 19:45

МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІНІҢ ЕКІ МҰҒАЛІМІНЕ СУ ЖАҢА АВТОКӨЛІКТІҢ КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін 19:33

Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты

Бүгін 19:10

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды  

Бүгін 19:06

МЭКС ұлттық жобасын жүзеге асыру: Қанат Бозымбаев жобалық кеңсенің отырысын өткізді

Бүгін 19:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);