Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қошанов үкіметтің жұмысын сынға алды

Қошанов үкіметтің жұмысын сынға алды

Әлеумет 30.06.2025, 14:55 785
Қошанов үкіметтің жұмысын сынға алды
Сурет видео скрині

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов үкіметпен өзара іс-әрекет кезінде жыл сайын қайталанатын проблемалық мәселелер туралы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

"Өкінішке қарай, біз заң жобаларын қарау барысында үнемі үкіметтің қорытындысын ұзақ күтуге мәжбүрміз. Кейде оларды 7 айға дейін күтеміз. Бұл жайт мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуын, халық күтіп отырған маңызды заңдардың уақтылы қабылдануын кешеуілдетеді", - деді Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Бұдан бөлек, қорытындыда депутаттардың бастамаларына қатысты үкіметтің нақты ұстанымы болмай жатады. Мәселен, депутаттар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң жобасымен жұмыс барысында Жер кодексінің бір бабына екі түрлі көзқарасты қамтитын түзетулер дайындайды. Үкімет ұсынылған екі нұсқаны да қолдай салады.

Мемлекеттік органдар қорытынды жобасын әзірлеуге атүсті қарайды. Бір палатаның депутаттары қолдамаған түзетулермен басқа палата кенеттен келісіп кетеді.


"Алайда заң жобасын өздері әзірлеудің орнына, министрліктер мәселені депутаттардың түзетулері арқылы немесе Парламентке хат жазу арқылы шешуді әдетке айналдыра бастады", - дейді Қошанов.

Үкімет регламентіне сәйкес, түзетулерді заң жобасын мәжілісте талқылау кезеңінде енгізу қажет.

"Бірақ министрліктер тарапынан ол нормаға тым жиі жүгіну орын алып отыр. Кейде ондай түзетулер тіпті жалпы отырыс өтетін күні келіп түсіп жатады.Осы сессияда аталған тармақ бойынша үкіметтен келіп түскен хаттар саны екі есе артты. Ал бұл тармақ ерекше жағдайларда, мемлекет басшысының шұғыл тапсырмаларына немесе дереу шешуді қажет ететін маңызды мәселелерге ғана қолданылуы керек",- деп атап өтті спикер.

Оның айтуынша, мұндай маңызды мәселелер үкімет қабырғасында жан-жақты пысықталып, хат түрінде емес, заң жобасы ретінде рәсімделіп келуі тиіс.

Бүгінде депутаттық сауалдарға берілетін жауаптар да сын көтермейді. Осы сессия барысында мемлекеттік органдарға 625 сауал жолданды.
"Әр сауалдың артында халықты толғандыратын мәселе тұратыны белгілі. Алайда оларға берілген жауаптардың мазмұны мен сапасына көңіл тола бермейді. Тағы да жаңа сұрақтар туындатады. Бұл жағдай кейде депутаттарды мемлекеттік органға қайта жүгінуге мәжбүр етеді", - деді Қошанов.

Келесі сессияда үкімет мүшелері мәжіліске арнайы шақырылады. Сол кезде спикер айтқан мәселелер жан-жақты талқыланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қошанов #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика