AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қос ішектің үні Нью-Йоркті тербетті: қазақ домбыра...

Қос ішектің үні Нью-Йоркті тербетті: қазақ домбырасы әлем төрінде

Мұны білген жөн 31.03.2026, 14:21 258 Сұлу
Қос ішектің үні Нью-Йоркті тербетті: қазақ домбырасы әлем төрінде
Ұйымдастырушылар ұсынған сурет

Қазақтың қасиетті домбырасы тағы бір мәрте әлем сахнасында күмбірледі. “Әлқиса” өнер мектебінің дарынды шәкірттері Американың алып шаһары – Нью-Йоркке барып, ұлттық өнеріміздің асқақтығын паш етіп қайтты. Бұл сапар – тек өнер көрсету ғана емес, қазақ рухын, ұлттық болмысты жаһан жұртшылығына танытқан маңызды мәдени миссия болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өнер орталығының негізін қалаушы Қанат Сәденнің айтуынша, ұжымның басты мақсаты – қазақ домбырасының үнін әлемге жеткізу. Осы жолда жас өнерпаздар үлкен белесті бағындырды. Ең алдымен, олар Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми іс-шарасында өнер көрсетіп, бұрын-соңды болмаған тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұл – “Әлқиса” ұжымының ғана емес, күллі қазақ өнерінің мәртебесін көтерген ерекше сәт.

Сонымен қатар, Нью-Йорктың жүрегі саналатын әйгілі Times Square алаңындағы қызыл баспалдақта қазақ балаларының домбырамен өнер көрсетуі – көпшіліктің таңданысын тудырды. Қос ішектен төгілген күйді тыңдаған шетелдіктер мен америкалықтар ұлттық өнерімізге сүйсіне қарап, ерекше ықылас танытты. Бұл – домбыраның шексіз құдіреті мен қазақ мәдениетінің тереңдігін айқын дәлелдеген көрініс.

Сапар барысында “Әлқиса” өнерпаздары халықаралық деңгейдегі беделді New York International Competition for Performing Arts байқауына қатысып, Бас жүлдені жеңіп алды. Бұл жеңіс – қажырлы еңбектің, талмай ізденістің және ұлттық өнерге деген шексіз сүйіспеншіліктің нәтижесі.

Нью-Йорк төріне 42 жас домбырашы аттанып, ел сенімін абыроймен ақтап қайтты.

“Қаншама жаңалықтар біз туралы жарыса жазды. Сол сәтте артымызда тәуелсіз Қазақстан тұрғанын терең сезіндік”, – дейді Қанат Сәден.

Бұл сапар – тек жетістік емес, бұл – тарих. Бұл – ұлттық өнердің жаңа деңгейге көтерілгенінің дәлелі. “Әлқиса” өнер мектебінің жетістігі – барша қазақ елі үшін мақтаныш.

Қос ішектің үні әлі талай биікті бағындырып, әлемді таңғалдыра беретіні сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Домбыра #АҚШ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда колледждерге мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары бекітілді

Бүгін 12:16

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 12:03

Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті

Бүгін 12:00

Алматыда автобус парктеріне қойылатын экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 11:38

Алматылық дәрігерлер италиялық туристі аман алып қалды

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);