AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / "Қорғастағы" 2 жылға созылған заңсыз есептеулер: п...

"Қорғастағы" 2 жылға созылған заңсыз есептеулер: прокуратура 19 инвесторды қорғап, бизнеске қаржысын қайтарды 

Заң мен тəртіп 15.04.2026, 12:05 464
"Қорғастағы" 2 жылға созылған заңсыз есептеулер: прокуратура 19 инвесторды қорғап, бизнеске қаржысын қайтарды 
depositphotos.com

Жетісу облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен, "Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы "Қорғас" басқарушы компаниясының қызметінде өрескел заң бұзушылықтарды анықтады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Екі жыл бойы жалпы сомасы 70 млрд теңгеден асатын жобаларды жүзеге асырып жатқан 19 инвесторға су жеткізу тарифтерін есептеу кезінде қосылған құн салығы заңсыз түрде есептелген.

Алайда Салық кодексіне сәйкес, АЭА аумағындағы қызмет ҚҚС-тан босатылады. Соған қарамастан, заң талаптары жүйелі түрде ескерілмеген.

Нәтижесінде инвесторлар негізсіз қаржылық шығындарға ұшырап, бизнес үшін жасанды кедергілер қалыптасқан.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде барлық заңбұзушылық толық жойылды. Инвесторларға заңсыз өндірілген 1 млн теңге көлеміндегі қаражат қайтарылып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Жетісу облысының прокуратурасы инвесторларға қысым көрсету мен олардың құқықтарын бұзудың кез келген әрекетінің жолы кесілетінін атап өтті.

Жетісу облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды 8 (771) 131 04 44 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қорғас #заң бұзушылық #Заң мен тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты

Бүгін 16:05

Алматыдағы жылыжай жылына 6 мың тонна көкөніс өсіреді

Бүгін 15:13

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 14:50

Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды

Бүгін 14:05

Бельгия Королі мен Патшайымы қазақстандық ғылыми әзірлемелермен танысып, Қазақстан Үкіметімен аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін 14:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);