Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қорғаныс министрі Қарулы күштердің жауынгерлік дай...

Қорғаныс министрі Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық басымдықтарын айқындады

Әлеумет Бүгін 09:14 28
Қорғаныс министрі Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық басымдықтарын айқындады
Сурет: Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде жауынгерлік дайындық жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған Қарулы күштер басшылық құрамының қызметтік жиналысы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жеке құрамды оқытуда практикалық бағытты күшейтуді және барлық деңгейдегі командирлердің жауынгерлік дайындықтың сапасына жеке жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтті. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровтің басшылығымен қолбасшылықтың жауынгерлік дайындық жүйесіндегі міндеттері, сондай-ақ басқару органдары мен әскери бөлімдерді жоғары жауынгерлік дайындық деңгейіне келтіре отырып, Десанттық-шабуылдау әскерлерін кенеттен тексеру нәтижелері талқыланды.

Жылдық цикл бойынша жауынгерлік дайындық іс-шараларын жоспарлау мен ұйымдастыру мәселелері жөнінде Қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы генерал-майор Қайрат Садықов, Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев, Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы 1-ші дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев, сондай-ақ Жауынгерлік дайындық департаментінің бастығы генерал-майор Анатолий Довганюк баяндама жасады. Жиында бірыңғай оқ ату курсы, жауынгерлік дайындық, дене дайындығы мәселелері пәндері бойынша нормативтер жинағын жаңарту, сондай-ақ оқу орталықтарының көпдеңгейлі жүйесін қалыптастыру, барлау бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-штаттық құрылымдарын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Жиында жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайына да ерекше назар аударылды. Әскери қызметшілермен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерімен «Пирамида», «Серіктес» және «Жауынгерлік дос» автоматтандырылған жүйелерінің жұмысы туралы Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев баяндады. Жиналыс қорытындысы бойынша запастағы офицерлерді даярлау тәсілдерін жаңарту, резерв, барлау, тыл мен медициналық қызмет бөлімшелерінің командирлік және жауынгерлік даярлық бағдарламаларын жаңғырту жөнінде тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ жауынгерлік дайындық деңгейін объективті бағалау және бөлімшелердің мақсаты бойынша міндеттерді орындауға дайындық деңгейін арттырудың тиімді құралы ретінде олардың рейтингін қалыптастыруға бірыңғай тәсіл әзірлеу мәселелері де өзектендірілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қорғаныс министрлігі #Қарулы күштер #жауынгерлік дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғам қайраткері Мейіржан Келемеденов жастарды референдумда жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

Бүгін 10:51

Алина Кан: «Референдумға қатысу — ел болашағына жауапты болу»

Бүгін 10:47

Ел тарихында алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді

Бүгін 10:43

Қазақстан жаңа жобаларға қажет 19 млн тонна көмірді өндіріс қуатын арттыру арқылы қамтамасыз етеді

Бүгін 10:33

Алматыда белгілі суретшінің "Сан ғасырлық сарын" көрмесі ашылды

Бүгін 10:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі