Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қорғаныс министрі гарнизондардағы әскери нысандарғ...

Қорғаныс министрі гарнизондардағы әскери нысандарға инспекция жасады

Әлеумет 11.01.2024, 11:36 1,048
Қорғаныс министрі гарнизондардағы әскери нысандарға инспекция жасады
Сурет: Gov.kz

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Алматы және Қонаев гарнизондарында әскери инфрақұрылым нысандары мен медициналық-әлеуметтік мекемелерде болды.


Қорғаныс министрі Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеевтің әскери нысандардың жай-күйі мен оларды жайластыру жоспарлары туралы баяндамасын тыңдады. Ол ДШӘ қолбасшысы басқармасының штабын көшіруге жоспарланған ғимаратты аралап көріп, ауыр автокөліктер мен сауытты машиналар қозғалысы үшін көпір салынатын алаңға барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 


Құрлық әскерлерінің әскери институтына барған кезінде генерал-полковник Руслан Жақсылықов «Әли» оқу орталығы полигонының, ғимараттары мен құрылыстарының «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізуге дайындығын тексерді.


Генерал-полковник Руслан Жақсылықов Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің Алматы филиалының басшысы Алуа Байқадамовамен кездесті. Ол қазақтың қаһарман ұлдары Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған іс-шараларды сапалы өткізу қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ министр Ұлы Отан соғысы батырлары өсиет еткен дәстүрлерді сақтаудың және Қарулы күштер ардагерлерінің баға жетпес тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.


Қонаев гарнизонында қорғаныс ведомствосының басшысы 20030 әскери бөлімінің оқу корпусын, казармасын және спорт қалашығын тексерді. 32363 әскери бөлімінде ол медициналық рота құрылысының барысымен және клубтың техникалық жабдықталуымен танысты.


Сондай-ақ генерал-полковник Руслан Жақсылықов «Балдәурен» балаларды оңалту орталығында болып, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін емдеу, қалпына келтіру және демалу үшін жасалған жағдайлармен танысты.


Сапар қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі әскери инфрақұрылымды жетілдіру, жауынгерлік дайындықты арттыру және әскери қызметшілер үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қорғаныс министрлігі #гарнизон #инспекция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика