AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері еліміздің...

Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері еліміздің оқу орындарында бірыңғай сағат ұйымдастырды

Әлеумет 23.05.2024, 17:43 782
Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері еліміздің оқу орындарында бірыңғай сағат ұйымдастырды
Сурет: Gov.kz

Жалпы білім беретін мектептерде Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың  ғасырлық мерейтойын мерекелеуге арналған бірыңғай сағат өтті.

Іс-шара министрліктердің балалар мен оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі бірлескен жұмыс жоспары шеңберінде өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Биыл еліміз даңқты батырлары Сағадат Нұрмағамбетовтың (25 мамыр) және Рақымжан Қошқарбаевтың (19 қазан) туғанына 100 жыл толуын атап өтуде. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сұхбаттарының бірінде  "Ел тарихында із қалдырған адамдарды құрметтеу жалпыұлттық бірегейлікті нығайту тұрғысынан өте маңызды" деп атап өткен болатын.

Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы № 1 мектепте "Аңыз адам" ерлік сабағы ұйымдастырылды. "Жас зеңбірекші" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері мен оқушыларға "Қарулы күштердің ардагерлері" РҚБ жергілікті филиалының төрағасы Тілек Кенжебеков, 60601 әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Нұрдос Қалымбетов, 06708 әскери бөлімі командирі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы капитан Сырым Бердалі, Приозерск гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің әскерлер қызметі жөніндегі офицерінің міндетін уақытша атқарушы аға сержант Қанат Ашназаров және Приозерск қалалық кітапханасының кітапханашысы Индира Талханбаева армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ерлік жолы туралы айтты.

Сағадат Нұрмағамбетовтың екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы жауынгерлік жолы мен әскери қолбасшы ретіндегі қызметі туралы Астана қаласындағы Жұмабек Тәшенев атындағы №10 мектеп-гимназиясының оқушылары көптеген танымдық ақпаратқа қанықты.

"Бүгін біз 7 г және 9 ж  сыныптарында аты аңызға айналған әскери қолбасшы Сағадат Нұрмағамбетовтың жүз жылдық мерейтойына арналған сабақ өткіздік. Біздің мектепте оқушыларға патриоттық тәрбие беру кешенді түрде өткізіліп тұрады. Бұған АӘД сабақтары, гуманитарлық пәндердің мазмұны және әртүрлі сыныптан тыс жұмыстар ықпал етеді. Олардың барлығы өскелең ұрпақтың бойында азаматтық, жауапкершілік және Отанды қорғауға дайын болу сезімін қалыптастыруға бағытталған", – деді бастапқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы, әскери-патриоттық істі ұйымдастырушы запастағы 1-сыныпты сержант Төлеген Қамзин. 

 Ерлік сабағында оқушыларға Сағадат Нұрмағамбетов туралы деректі фильм көрсетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қорғаныс министрлігі #Оқу-ағарту министрлігі #бірыңғай сағат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14

Қазақстан және дін: догматтар мен адам құқықтарының үйлесімі

Бүгін 17:09

Сопылық және заманауи қауіпті ағымдар: руханият пен экстремизм арасындағы шекара

Бүгін 17:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика