конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қор, спорт, мектеп: балаларға жасалған игі істер

Қор, спорт, мектеп: балаларға жасалған игі істер

Әлеумет 30.05.2025, 10:37 675
Қор, спорт, мектеп: балаларға жасалған игі істер
pixabay.com

Қазақстанда кейінгі жылдары балаларға арналған әлеуметтік саясаттың бағыты едәуір өзгерді. Үкімет тарапынан қабылданған бірнеше маңызды бастама жас буынның болашағына салынған инвестиция ретінде бағаланады. Aqshamnews.kz тілшісі мұндай игі бастамаларға шолу жасады.

Ұлттық қор – балаларға

Былтырдан бастап "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы іске қосылды. Бұл бастама аясында еліміздегі әр балаға жеке есепшот ашылып, жыл сайын Ұлттық қор табысының 50 пайызы осы шотқа аударылады. Қаражатты бала тек 18 жасқа толғанда және тек білім алу мен тұрғын үй сатып алуға пайдалана алады.

2025 жылы 6,9 миллионнан аса баланың атына алғашқы салымдар түсті. Бұл – мемлекеттің болашақ азаматқа ерте бастан қолдау көрсетуінің нақты мысалы.

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, 97 615 өтініш орындалып, жалпы сомасы 11,49 миллион АҚШ долларынан аса қаражат уәкілетті операторлар арқылы өтініш берушілердің банктік шоттарына аударылған. 

Оның ішінде Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 6,70 миллион АҚШ доллары, яғни 56 937 өтініш; ал білім алу үшін 4,79 миллион АҚШ доллары, 40 678 өтініш орындалған. 

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы

Қазіргі білім саласындағы басты мәселелердің бірі – үш ауысымды және апатты мектептер. Осыны шешу үшін 2023–2025 жылдарға арналған "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қабылданды.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың аяғына дейін 460 мың орыны бар 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы салынды.
 
 
Мұндай мектептерде инклюзиялық білім беруге ерекше көңіл бөлініп жатыр. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке санитарлық бөлмелерімен кең кабинеттер қарастырылған. Сонымен қатар, мектептерде жеделсаты, пандустар, арнайы белгілер, психолог, логопед және дефектолог кабинеттері бар.
 

Artsport: шығармашылық пен спортқа жол ашық

Баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау үшін Artsport бағдарламасы іске қосылған. Бұл – әр балаға тегін спорт және шығармашылық үйірмелерге қатысу мүмкіндігін беретін ваучерлік жүйе.

2024 жылы Қазақстанда Artsport бағдарламасы аясында нақты қанша баланың үйірмелерге жазылғаны туралы ресми статистика әлі жарияланбаған. Ал 2023 жылы бұл бағдарлама бойынша 560 мыңнан астам бала мен жасөспірім қамтылғаны белгілі.

Денсаулық – басты назарда

Балалардың денсаулығын қорғау үшін жыл сайын скринингтік тексерулер, міндетті екпелер жүргізіледі. 2024 жылы еліміздің шалғай ауылдарына жылжымалы медициналық кешендермен дәрігерлер барып, 21 мыңнан аса балаға медициналық көмек көрсеткен.

Сондай-ақ, Қазақстанда алғаш рет "Феталдық медицинасы" жобасы іске қосылып, 20 жатырішілік операция сәтті жүргізілген. Бұл технологиялар ұрықтың ерте патологиялық жағдайларын аз инвазив емшаралар арқылы түзетуге және емдеуге арналған. Олар балалардың арасында мүгедектіктің алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарына қолжетімді болады.

Әлеуметтік қолдау: жәрдемақы және мектепке керек-жарақ

Бір жолғы жәрдемақы көлемі қазір бірінші, екінші және үшінші балаға – 149 мың теңге, төртінші және одан көп балаға – 247 мың теңге. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға мектеп формасы, құрал-жабдықтар "Мектепке жол" бағдарламасы арқылы жүзеге асады, сондай-ақ, ыстық тамақ, жазғы демалыс лагерьлері мен үйірмелер тегін ұсынылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #игі #істер #ұлттық қор #Ұлттық қор - балаларға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Марафоннан ауылдағы кездесулерге дейін: партиялар осы аптада сайлаушыларды немен таңғалдырды?

Бүгін 16:27

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жаңа цифрлық шешімдер таныстырылды

Бүгін 16:13

Алматыда этнографияның мәдени мұраны сақтаудағы рөлін талқылады

Бүгін 16:12

Жұлдыздар, косплей және мыңдаған жанкүйер: Comic Con Astana биыл қалай ерекшеленеді?

Бүгін 15:59

Алматыда креативті экономиканы дамыту және қаладағы құрылыс жобаларының орындалу барысы талқыланды

Бүгін 15:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);