AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қонаевта «Үкілі домбыра» республикалық сайысының ж...

Қонаевта «Үкілі домбыра» республикалық сайысының жеңімпаздары анықталды

Мәдениет 07.07.2022, 13:47 1,396
Қонаевта «Үкілі домбыра» республикалық сайысының жеңімпаздары анықталды
Сурет: Дереккөз

Жеңімпаздарға қаржы сертификаттары табысталды


Бүгін Қонаев қаласында еліміздің ең үздік күйшілері жиналды. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Рухани жаңғыру орталығы»  КММ ұйымдастырған «Үкілі домбыра» республикалық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 14 виртуозды домбырашы қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жалпы, байқау жас домбырашылардың шеберлігін жетілдіру, жастарға патриоттық және рухани тәрбие беру және ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында өтті. Жарыс екі кезеңнен тұрды. I, II кезеңде қатысушылар түрлі шығармаларды орындап, шығармалардың   тарихын айтып берді.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет»  орденінің кавалері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Жанғали Жүзбай, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Композиторлар және күйшілер одағының мүшесі  Төлепберген Тоғжанов, ҚР Мәдениет қайраткері , күйші Мұрат Әбуғазы және ҚР Мәдениет қайраткері Талғат Оразаев сынды қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін  бағалады. 14 үміткерден тек 3-і финалға өтті.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені  Жамбыл облысынан келген Мейірбек Әзімбаев алды. Бірінші орынды Тимур Үмбетжан, екінші орынды тұрғыны Мұхит Мүкен иеленді. Ал, үшінші орынды Лунара Мауетбек қанжығасына байлап қайтты. Жеңімпаздарға 100 мың, 200 мың, 300 мың және 400 мың теңге көлемінде сертификаттар табысталды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Домбыра #Қонаев #Сайыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06

Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасы тұрақты бақылауда – Энергетика министрлігі

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);