AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қолтырауынның қулығы

Қолтырауынның қулығы

Әлеумет 19.09.2023, 11:57 1,506
Қолтырауынның қулығы
Сурет: видеодан скриншот

«Резеңкеден жасалған болар» - Алматы хайуанаттар бағына келушілер ондағы қолтырауынның рас - өтірігіне күмәнданып жатады.


Осыған байланысты Алматы зообағының әлеуметтік желісінде қолтырауынның шынайы екенін көрсететін видеосы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Онда аз уақыт қозғалыссыз тұрған қолтырауынның сәлден кейін, қозғалып бара жатқанын көруге болады. Шын мәнінде, бұл жыртқыш жануарға тән қасиет. Сондықтан оған қатты жақындау өміріңіз үшін қауіпті екенін еске салған артық болмас. 



«Шынында да, ол бірнеше сағат бойы қимылдамай, қозғалыссыз жатады. Біз ең үлкен бауырымен жорғалаушы – Кубалық қолтырауын туралы айтып отырмыз. Оған өзіне тән ерекше Фидель деген ат берілді. Ол 1986 жылы туған, Фидель бізге 2001 жылы Латвия елінің Рига қаласындағы хайуанаттар бағынан әкелінді. Қазір ол 37 жаста және ұзындығы шамамен 2,5 метрге жетеді. Фидельдің рационында сиыр еті, тауық еті және балық бар. Фидель аптасына бір рет, кейде екі аптада бір рет қоректенеді. Себебі, біз тамақ үнемдейтіндіктен емес, ол апта бойы қозғалыссыз жатып, жегенін қорытады. Табиғатта қолтырауындар отырықшы өмір салтын ұстанады және күнделікті қоректенбейді. Мұндай сәттерде оны біздің келушілер суда немесе жағалауда тойымды түскі астан кейін жиі көреді. Қолтырауындар тамақты күнделікті жеп, шамадан тыс қоректенетін болса ол семіріп, жүрек, қан тамырлары мен асқазан-ішек жолдарының аурулары пайда бола бастайды


Қолтырауынды ұзақ бақылап, оған қарап тұрсаң анда-санда көзін ашып-жұмып, аузын қатты ашып, жауып тұратынын көруге болады.
Қолтырауындардың асқазанына судың түсуіне жол бермеу үшін өңештерін таңдай пердесі жауып тұрады. Соның арқасында суда жүзіп жүріп жануарларға шабуыл жасағанда асқазанына су түспейді.
Алматы хайуанаттар бағында қолтырауындардың үш түрі бар: кубалық, сиамдық және Кайман қолтырауыны. Біраз күнде олар жылы әрі жайлы қысқы тұрақтарына орналастырылады.
Әзірге, күздің жаймашуақ күндерінде даладағы қоршауларда тұрады», - деген сипаттама берілген видеоның төменгі жағында. 




Қолтырауынға қалай тамақ берілетінін  әр сәрсенбі күні сағат 14.00-ден 15.00-ге дейін барып көруге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қолтырауын #Алматы зообағы #Қулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Кеше 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Кеше 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Кеше 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Кеше 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Кеше 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);