Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Қол терісін күтуде еленбейтін бес қателік қандай?

Қол терісін күтуде еленбейтін бес қателік қандай?

Керек кеңес 17.02.2022, 03:35 2,854
Қол терісін күтуде еленбейтін бес қателік қандай?

Қол терісі бет пен дене терісіне қарағанда жұқа. Сондықтан оның күтіміне де ерекше мән берген жөн. 


Күнделікті қарапайым әрекеттер денсаулығыңызға және қол терісінің сұлулығына зиян келтіріп жатқанын байқамауыңыз мүмкін. Қол терісінің ерте қартаюына ықпал ететін көпшілік жіберетін қателіктерді ұсынамыз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.kz сайтына сілтеме жасап. 


Бет пен дене терісіне қарағанда қол терісі өте жұқа. Сондықтан ол жас ерекшелігі өзгерістеріне белсенді ұшырайды. Оған қоса, көпшілік адам қолға бетке секілді арнайы күтім жасай бермейді.


1-қателік: Қолды суға жиі салу және тұрмыстық химия қолдану кезінде қолғап кимеу


Көпшілік әйел жіберетін кең тараған қателіктің бірі — үйді тазалау кезінде арнайы қолғап кимеу. Тазартушы құралдар мен ұнтақтар, ыдыс жуатын құралдар және үнемі қолды суға салу — мұның барлығы теріні құрғатады, ал ол оның қартаюына ықпал етеді.


2-қателік: Теріні уақытылы ылғалдандырмау


Тері, әсіресе, суық мерзімде ылғал жоғалтатынын білеміз. Бұл жағдайды кеңсе мен үй ішіндегі ауаның құрғақ болуы, тұрмыстық химия қолдану және тоңып қалу одан әрі ушықтырып жібереді. Бұл проблеманы шешу үшін қолды крем көмегімен ылғалдандыру жеткілікті. Әр ыдыс жуғаннан кейін, үй жинағаннан соң, далаға шығарда және ұйықтар алдында қолға крем жағуды әдетке айналдырыңыз. Қолға арналған кремдерде әр жерге қойып қойыңыз және міндетті түрде сөмкеңізде біреуі болғаны дұрыс. Сол кезде бұл пайдалы әдетті ұмытып кетпейсіз.


3-қателік: Антибактериялық құралды қосымша күтімсіз жиі қолдану


Антибактериялық сабын, майлық немесе спрейді күнделікті қолдану — өмірімізге енген әдеттің бірі. Ол бактериялар мен вирустардың жұғу қаупін азайтқанымен, қол терісінің жағдайына теріс әсер етеді. Антибактериялық құралдар теріні қатты құрғатады, сондықтан оларды жиі қолдансаңыз, теріні ылғалдандырып тұруды ұмытпаңыз. Сондай-ақ арасында қолды тұзды суға салып, маскалар жасаңыз. 


4-қателік: Далаға қолғапсыз шығу


Қыста қол қосымша күйзеліске ұшырайды: көпшілік адамның қолы тоңған кезде терісі құрғайды, қызарады және тітіркенеді. Мұндай проблема орын алмас үшін далаға жылы қолғапсыз шықпаған жөн.


5-қателік: SPF-құрал қолданбау


Қай мерзімде болмасын жиі кездесетін қателік — теріні күннен қорғамау. Қол бетке қарағанда күн белсенділігіне жиі тап болады. Себебі ол тіке күн сәулесінің астында тұрады. Ультракүлгін теріміздегі гиалурон қышқылын бұзады, ал ол оның құрғауына және әжімдердің пайда болуына ықпал етеді. Сондықтан да ұзақ серуендеу кезінде немесе демалысқа шыққанда қол терісін SPF-құрал жағу арқылы қорғауды ұмытпаңыз.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қол #терісі #күтім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика