AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚМДБ Умра сапарын ұйымдастыруға қатысты мәлімдеме...

ҚМДБ Умра сапарын ұйымдастыруға қатысты мәлімдеме жасады

Әлеумет 01.02.2023, 09:23 1,540
ҚМДБ Умра сапарын ұйымдастыруға қатысты мәлімдеме жасады
Сурет: BAQ.KZ

Ислам дініндегі бес парыздың бірі – қажылыққа бару. Бұл – материалдық мүмкіндігі бар мұсылманға парыз амал. Биыл еліміз бойынша 4000 адам қажылыққа барады. Бұл туралы ҚМДБ Қажылық бөлімі айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.



Осы жылы 9-12 қаңтарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация Сауд Арабия Корольдігінің (САК) Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа мырзамен кездесіп, қажылыққа байланысты мәселелерді Қазақстан азаматтарының мүддесі үшін талқылап, қажылықты ұйымдастыруға байланысты екі жақты келісімшартқа қол қойды. Биыл 4 мың отандасымыздың қажылық жасауына рұқсат алынды.
Әр жыл сайын осындай келісімшарт аясында ҚМДБ қадағалауымен және конкурстық негізде қажылық орындарын алған отандық туроператорлардың ұйымдастыруымен қазақстандық әр қажының денсаулығы мен сапардағы қауіпсіздігіне баса назар аударылып, тиісті түсіндірме жұмыстары және уағыз-насихат жүргізіліп, қажылық амалдары орындалады, - деп жазды ҚМДБ.




Мысалы, 2022 жылы конкурстық негізде 4000 қажылық орындарын 14 тәжірибелі қазақстандық турфирмалар алып, қажылық сапарын ұйымдастырған. 



Олар: Хикмет Тревел, Атлас Туризм, Қызмет Саяхат, Tawaf Travel, Qazaq Travel, Хидаят-Нур, Нұр-Қазақстан, Nurkhan travel, Сембекова и К, Sanabl, Mina travel, Ал-Маруа, Ордабасы-НЖ, Robinzon.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қажылықты ұйымдастыруға қатысуы ҚМДБ  Жарғысының 2.2 тармағында және діни туризм саласындағы туроператорлық қызмет туралы талап ережелерімен (ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы №166 бұйрығы) реттелген.
Алайда, қажылық маусымынан бөлек айларда жыл бойы 20-25 мыңға жуық қазақстандық  азаматтар тарапынан ұмра амалдары орындалады, - делінген ақпаратта.



Бүгінгі таңда ұмраны әр туроператор немесе турагент ҚМДБ қатысуынсыз өз қалауы бойынша ұйымдастыра алады. Себебі Сауд Арабиясы әлемнің елуден аса еліне бір жылдық туристік виза рәсімдеуге рұқсат берген. Виза бір жылға беріледі. Аталған елге бірнеше рет кіріп-шығуға мүмкіндік бар. Барған кезде үш айға дейін қалуға болады. 



Осы орайда Сыртқы істер министрлігі екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынасты нығайту жолында орасан зор шаруалар атқарғандығын ескерген жөн. Аталмыш туристік визамен Мекке мен Мәдина қалаларына кіру, ұмра жасау мүмкіндігі және САК-нің барлық өлкелеріне саяхат жасау қарастырылған. 
Виза ашылған сәттен бастап ұмраға апарушы қазақстандық турфирмалардың саны артып келеді. Сауд Арабиясына ұмраға жол тартқан азаматтарға сапалы қызмет көрсету және жолда жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету аталмыш турфирмалардың жауапкершілігінде.
Дегенмен, бүгінде «Каусар Тревел» турфирмасының (аталған конкурстық негізде қажылық сапарын ұйымдастырған турфирмалардың арасында жоқ) күмәнді іс-әрекеттеріне қатысты бірқатар азаматтар Діни басқармаға келіп, шағымдануда.
Жоғарыдағы айтылған негіздемелерге сүйене отырып, ҚМДБ-ға қатысы жоқ жеке турфирмалар арқылы ұмраға барушыларды бақылауға алуға және оларға турфирмалар тарапынан жасалатын қызметті қадағалауға Діни басқарманың заңды құзіреті жоқ екенін мәлімдейміз, - деді ҚМДБ Қажылық бөлімі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#умра #қажылық #Дін
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Бүгін 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Бүгін 18:25

Шығармашылық индустрияны дамыту және ЖИ саласындағы кадрларды дайындау

Бүгін 18:22

Жаппай цифрландыру және ЖИ енгізу елді кешенді жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болып табылады

Бүгін 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика