конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / ҚМДБ құрбандық шалу сайттарына қатысты ескерту жас...

ҚМДБ құрбандық шалу сайттарына қатысты ескерту жасады

Хабарлама 03.06.2025, 17:10 754 dulatbekova
ҚМДБ құрбандық шалу сайттарына қатысты ескерту жасады
Сурет: Muftyat.kz

Қасиетті Құрбан айт мейрамына санаулы күндер қалды. Осы ұлық мереке қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін оңайлату және әділ ұйымдастыру мақсатында qurban.muftyat.kz ресми онлайн платформасын іске қосты. 

Бұл сайт арқылы құрбандық шалғысы келген әр азамат құрбандық малын таңдап, қаражатты қауіпсіз түрде аудара алады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Мүфтият сайтына сілтеме жасай отырып.

Өкінішке орай, ағымдағы жылы құрбан шалу рәсімін оңайлату үшін ҚМДБ тарапынан жасалған игі бастаманы теріс мақсатта қолданып, түрлі алаяқтық әрекеттері орын алуы ықтимал. Осы себепті еліміздің азаматтарын қорғау мақсатында маңызды ескерту жасаймыз: Құрбан айт мерекесі кезінде өздерінің теріс мақсаттарын жүзеге асыру үшін кейбір белгісіз азаматтар мен ұйымдар жалған құрбандық сайттарын ашып, халықты адастырып, құрбандыққа аударған қаражаттарын өзге мақсатқа пайдаланып кетуі мүмкін. Сондықтан баршаңызды абай болуға шақырамыз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тек сенімді qurban.muftyat.kz ресми платформасы арқылы құрбандық шалуға шақырады. Күмәнді сайттар мен беймәлім адамдардың ұсыныстарынан сақ болыңыздар. Бұл сіздің қаражатыңыз бен ниетіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты жолы.

Алла Тағала баршаңыздың құрбандықтарыңызды қабыл етіп, ізгі ниеттеріңізді арттырсын!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚМДБ #Ескерту #құрбан шалу сайттары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді

Бүгін 19:11

Өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады: Алматыда 109 байланыс орталығы тәулік бойыжұмыс істейді

Бүгін 19:10

Егер сайлау күні тіркелген жеріңіздеболмасаңыз: есептен шығару куәлігін қалайалуға болады

Бүгін 19:08

Алматыда Әшімов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:07

Өнердің сұлтаны: IV халықаралық «Almaty Circus Festival» басталды

Бүгін 17:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);