AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / ҚМА фишингтік SMS таратқан қылмыстық топтың жолын...

ҚМА фишингтік SMS таратқан қылмыстық топтың жолын кесті

Оқиға 08.04.2026, 11:12 172 Дина
ҚМА фишингтік SMS таратқан қылмыстық топтың жолын кесті

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратура және TELE2 мамандарымен бірлесіп, азаматтардың деректері мен ақшасын ұрлау үшін фишингтік хабарламалар таратқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы АФМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, бұл — ТМД елдері аумағында осындай схеманың жолы кесілген алғашқы жағдай.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктілер ұялы байланыс операторларының базалық станцияларының жұмысын имитациялайтын арнайы SMS-бластер құрылғысын пайдаланған. Ол шамамен 300 метр радиуста күшті сигнал таратып, телефондардың автоматты түрде соған қосылуына және қорғанысы әлсіз желіге ауысуына себеп болған. Соның нәтижесінде қолданушылардың телефондарына жалған SMS-хабарламалар бірден келіп түскен.

АФМ мәліметінше, бұл құрылғы операторлардың қорғаныс жүйесін айналып өтіп, сағатына 100 мыңға дейін хабарлама тарата алған.

Қамту аясын кеңейту және жасырыну мақсатында жабдық автокөлікке орнатылып, қозғалыс кезінде пайдаланылған. Көбіне адам көп жиналатын орындарда — базарлар мен сауда-ойын-сауық орталықтарының маңында қолданылған.

Жалған хабарламалар Beeline және Halyk Bank атынан жіберілген. Онда жиналған бонустарды айырбастау ұсынылған. Сілтемеге өткен пайдаланушылар фишингтік сайттарға тап болып, тауар таңдау ұсынылғаннан кейін олардан телефон нөмірі, аты-жөні, банк картасының деректемелері, CVV-код және SMS арқылы растау коды сұралған.

Осылайша, қаскөйлер азаматтардың құпия ақпараты мен банк шоттарына қол жеткізген.

АФМ дерегінше, жедел-тергеу шараларының арқасында топ қылмыстық схеманы толық іске қоспай тұрып анықталып, ұсталған. Соның нәтижесінде ірі көлемдегі алаяқтық пен азаматтардың қаржылық шығынының алдын алу мүмкін болды.

Қазір төрт күдікті ұсталып, қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10

Алматыда журналистердің арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Бүгін 14:08

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15

Алматы Euronews эфирінде: халықаралық аудиторияға шаһардың туристік келбеті таныстырылды

Бүгін 12:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);