AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҚазҰУ ректоры жаңа оқу жылында «Алтын белгі» иегер...

ҚазҰУ ректоры жаңа оқу жылында «Алтын белгі» иегерлерімен кездесті  

Білім және ғылым Бүгін 13:40 38
ҚазҰУ ректоры жаңа оқу жылында «Алтын белгі» иегерлерімен кездесті   
ҚазҰУ баспасөз қызметі

Бүгінде Қазақ ұлттық университетінде 30 мыңға жуық студент білім алады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев жаңа оқу жылының басталуына орай студенттермен кездесу өткізді.

Жүздесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және Қазақстанды заманауи цифрлық мемлекетке айналдыру бағытында берген тапсырмасы аясында ҚазҰУ-да атқарылған жұмыстардың нәтижесін таныстырып, алдағы жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ жолдаудағы жастарға арналған тапсырмалардың  орындалуы жөнінде ақпарат берді.

Іс-шараға бірінші курс студенттері, «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың  жеңімпаздары, қоғамдық шараларға белсенді араласып жүрген жастар қатысты. Бүгінде қара шаңырақ Қазақ ұлттық университетінде 30 мыңға жуық студент білім алады. 2026-2027 жаңа оқу жылында оқу орны құрамына барлығы 8117 білім алушы қосылды. Олардың қатарында 674 «Алтын белгі» иегері мен республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары бар.

Университет басшысы білім алушы жастарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Жансейіт Түймебаев өз сөзінде қазіргі кезеңде жоғары білім беру жүйесінің алдында жаңа міндеттер тұрғанын атап өтті.

«Біз үшін ең басты құндылық – студент. Сондықтан цифрлық өзгерістер ең алдымен жастардың сапалы білім алуына, ғылыми ізденісіне және кәсіби дамуына қызмет етуі керек. ҚазҰУ студенттері еліміздің цифрлық экономикасын қалыптастыратын жаңа буын мамандары болуы тиіс», – деді ректор.

Кездесуде жастардың азаматтық жауапкершілігі мен қоғамдық мәдениеті де назардан тыс қалмады. Ректор қазіргі кезеңде заң мен тәртіпті сақтау, қоғамдық ортадағы әдеп нормаларын ұстану, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету әрбір студенттің күнделікті өмір салтына айналуы тиіс екенін жеткізді.

Сонымен қатар университет басшысы студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс тамақтануға, спортпен тұрақты айналысуға және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Университет аумағының тазалығы мен жасыл желекті сақтау да әрбір жастың ортақ жауапкершілігі екені айтылды.

Бұған қосымша, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мен жастардың интеллектуалдық деңгейін арттыру мәселесіне де ерекше мән берілді. Жансейіт Қансейітұлы Мемлекет басшысы ұсынған ұлттық әдебиеттің таңдаулы шығармаларын оқудың маңызына тоқталып, студенттер арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру қажеттігін айтты.

Жүздесу соңында Жансейіт Түймебаев студенттердің жаңа идеялары мен бастамалары университеттің нығаюына маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, жастарды ғылымға, инновацияға және елдің цифрлық дамуына белсенді үлес қосуға үндеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституцияда азаматтарды цифрлық ортада қорғауға кепілдік берілген - Олжас Бектенов

Бүгін 13:17

Олжас Бектенов токенизациялау тетігін кеңінен пайдалануды тапсырды

Бүгін 13:13

Қазақстан алғашқылардың бірі болып цифрлық майнингті реттеу тетігін құрды

Бүгін 13:04

Қазақстан Web3-ті дамыту жөніндегі өңірлік орталық қалыптастыруда

Бүгін 13:00

Қазақстанда реттелетін криптонарықтағы сауда-саттық көлемі өсті

Бүгін 12:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);