AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / ҚазҰУ-да «Жібек жолы» әдебиет апталығы ашылды

ҚазҰУ-да «Жібек жолы» әдебиет апталығы ашылды

Мәдени Алматы 02.06.2025, 16:55 1,081
ҚазҰУ-да «Жібек жолы» әдебиет апталығы ашылды
Алматы қаласы әкімдігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстандағы «Жібек жолы» әдебиет апталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Апталықтың басты мақсаты – Жібек жолы бойындағы көрші мемлекеттердің мәдени байланысын нығайту, екі ел арасындағы ағартушылық және өнер саласындағы қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеру.

Халықаралық іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары  Азамат Қалдыбеков, Қытай коммунистік партия орталығы насихаттау бөлімінің жауапты орынбасары Ху Хэпин, ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев, Алматыдағы ҚХР бас консулы Цзян Вэй, Қытай кітап импорты және экспорты корпорациясының атқарушы директоры Ли Хунвэн, оқытушы-профессорлар құрамы мен белгілі ғалымдар, білім алушы жастар қатысты.

Апталықтың ашылу салтанатында ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев сөз сөйлеп, ауқымды жиынның маңызына тоқталды. Ректор өз сөзінде Қазақстан мен Қытай ынтымақтастықтың «алтын дәуіріне» қадам басқанына баса мән берді.

«Қытай мен Қазақстан әдебиеті арасындағы байланыс тереңде жатыр. Ұлы Жібек жолы тек сауда бағыты ғана емес, сонымен қатар мәдениет, екі елдің әдеби дәстүрін байытуға, өркениеттің дамуына айрықша үлес қосты. Бүгінгі таңда  қос мемлекеттің әдеби байланысы жоғары сипатқа ие, көркем шығармаларды аудару мен ғылыми алмасуды дамытудың арқасында күшейе түсуде. Қытай дәстүрінде әдебиет білім берудің, өзін-өзі танудың және философиялық идеяларды білдірудің қуатты құралы ретінде қабылданады. Қазақ мәдениетіндегі әдеби шығармалар – халқымыздың шынайы қазынасы, оның тамыры мыңдаған жылдардан бастау алады. Сондықтан мәдени байланысты жандандыруда қос тараптың да мүмкіншілігі жоғары», – деді ректор.

Сондай-ақ Жансейіт Түймебаев жоғары білім мен ғылым саласындағы ҚазҰУ-дың Қытай ЖОО-ларымен бірлесіп жүзеге асырып жатқан жұмыстарына тоқталды. Қазіргі таңда университет Қытайдың 65 университетімен келісім жасасқан. Нәтижесінде оқу ордасының базасында Қытай тарапымен бірлескен ғылыми орталықтар мен зертханалар іске қосылды. 2023 жылы ҚазҰУ-да Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетінің филиалы ашылды. Бұдан бөлек, Конфуций институты мен Қытайтану кафедрасы табысты жұмыс істейді.

Шарада Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков: «Алматы –  Қазақстанның мәдени және білім беру орталығы ғана емес, ежелден Ұлы Жібек жолының маңызды торабы болған қала. Бүгінгі іс-шара әдебиет, тарих, халықаралық ынтымақтастық және адамгершілік құндылықтарға деген ұмтылысты біріктірген символдық оқиға», – деп атап өтті.

Алматыдағы ҚХР бас консулы Цзян Вэй Қазақстандағы «Жібек жолы» әдебиет апталығы аясында мәдениет пен әдебиет бағытында ортақ жобалар мен жаңа бастамалар іске асырылатынын жеткізді. «Қазақстан мен  Қытай –тату көрші, маңызды стратегиялық серіктес әрі басты одақтас мемлекет. Бүгінде екі ел гуманитарлық салада үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Халықтардың жүрегін жақындастыратын алтын көпір – әдебиет. Соңғы жылдары Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыс нығая түскен сайын, қазақ халқының Қытайды тануға деген ынтасы артып келеді. Сол сияқты қытай халқының да қазақ тарихына деген қызығушылығы басым», – деді бас консул.

Апталық аясында құрметті қонақтар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Фараби кітапханасының қорына Қытайдың  100 үздік кітабын тарту етті.

Пленарлық отырыс түрлі тақырыптарға арналған секцияларда жалғасты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жібек жолы #әдебиет апталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Бүгін 10:56

«Жыраулар жолымен» жыр жобасы әлемдік рекордтар тізіміне енді

Бүгін 10:10

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 09:27

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін 08:56

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Кеше 19:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика