AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / ҚазҰУ-да инклюзив үстелүсті чемпионаты өтті

ҚазҰУ-да инклюзив үстелүсті чемпионаты өтті

Алматы 13.04.2026, 15:11 176 Сұлу
ҚазҰУ-да инклюзив үстелүсті чемпионаты өтті
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде үстелүсті спорттық ойындары бойынша ашық чемпионат ұйымдастырылды. Шарада балалар мен ересектер, мүмкіндігі шектеулі жандар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдар және бизнес өкілдері бас қосты. Мұндай ауқымды формат қоғамдағы өзара түсіністікті нығайтып, ортақ құндылықтар төңірегінде бірігуге бағытталған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жоба ҚазҰУ инклюзивті ғылыми-тәжірибелік орталығы, «Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы» қоғамдық қоры, Balalaroom клубы және DeFactoFm порталымен бірлесе жүзеге асырылды. Жаттықтырушы Михаил Тейфельдің айтуынша, үстелүсті ойындары стратегиялық ойлауды, зейін мен қимыл үйлесімділігін дамытумен қатар, қатысушылар арасында тең қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді.

Ұйымдастырушылар чемпионаттың алдағы уақытта халықаралық тәжірибе алмасу алаңына айналатынына сенім білдірді. Шетелдік сарапшылар мен серіктестерді тарту арқылы да жобаның әлеуметтік маңызы мен ауқымын кеңейту жоспарланып жатыр.

Сонымен қатар, чемпионат аясында мектеп оқушыларын үстелүсті ойындарына баулу және олардың танымдық дағдыларын жетілдіру бағытындағы жүйелі дайындық жұмыстары жүргізіліп келеді. Сабақтар Алматы қаласындағы BALALAROOM клубында өткізіледі. Жаттығу үдерісі тек спорттық нәтижелерге ғана емес, сонымен бірге әлеуметтенуге, командалық іс-қимылды нығайтуға және белсенді демалыс мәдениетін қалыптастыруға негізделген.

ҚазҰУ базасындағы бұл бастама инклюзивті ортаны ұзақ мерзімді дамытуға және қоғамның барлық санаты үшін салауатты өмір салтын ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ҚАЗҰУ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада V Еуразия экономикалық форум басталды

Бүгін 19:58

Қазақстан мен Ресей басшыларына «Астана – Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы көрсетілді

Бүгін 19:21

Қазақстан мен Ресей президенттеріне Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды

Бүгін 19:15

Қазақстан мен Ресей президенттері Астанадағы «Сириус» мектебінің құрылысын бастап берді

Бүгін 19:06

Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті

Бүгін 19:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);