Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қазпоштадан 294 млн теңге ұрлағандар 7 жылға сотта...

Қазпоштадан 294 млн теңге ұрлағандар 7 жылға сотталды

Оқиға 28.07.2022, 12:13 1,147
Қазпоштадан 294 млн теңге ұрлағандар 7 жылға сотталды
Сурет: Ашық дереккөзі

 Ұрылар қаржының бір бөлігін карточкалық шот арқылы шешіп алған


Алаяқтық жолмен «Қазпошта» АҚ-дан 294 млн теңгеден асатын қаржыны қолды еткендер сотталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Нұр-Сұлтан қалалық сотына сілтеме жасап. 



«27 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ұрлық пен алаяқтық үшін сотталғандардың жазалау үкімін өзгеріссіз қалдырды. Тек олардың автокөлігіне қойылған арест күшін жойды. Себебі, айыптылардың автомобильдерді қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынғаны туралы дәлел жоқ. Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 сотының шешімімен Б, Ж, Д және Л 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар «Қазпошта» АҚ-дан 294 млн теңгеден асатын аса ірі көлемде қаржы ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды», - делінген соттың хабарламасында. 



Сотта анықталды: Сотталғандар белгісіз адамдармен бірге алдын ала сөз байласып, пандемияны пайдаланып, азаматтарға екінші деңгейдегі банктерден шот ашуды және ақшалай сыйақы үшін 10 000-нан 100 000 теңгеге дейін банк карталарын сатып алуды ұсынған және деректерді белгісіз «хакерлерге» жіберген. 


Хакерлер «Қазпошта» АҚ интернет-ресурсында қызметтерді пайдаланушы ретінде ресейлік IP мекенжайлардан төлем жүйесіне кіру үшін 14 аккаунтты тіркеген. Осылайша, төлем операцияларын жүргізеді және «Қазпошта» АҚ шотынан ақша қаражатын есептен шығарып, оларды алдын ала дайындалған карточкалық шоттарға және ұялы операторлардың абоненттік нөмірлеріне аударған. 
Б, Ж және Д бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Белгісіз тұлғалар «Қазпошта» АҚ филиалдарының шалғай бөлімшелеріне қоңырау шалып, өздерін бас кеңсенің IT бөлімінің қызметкеріміз деп таныстырған. Содан соң төлем жүйесін баптау немесе жаңарту сылтауымен бөлімше операторларын жаңылыстырды, олар бөгде біреулердің берген нұсқауларын орындай отырып, іс жүзінде ақша қаражатын есептен шығару бойынша заңсыз операциялар жүргізді. 
Содан кейін олар ұрланған қаржыны қолма-қол ету үшін басқа шоттарға ауыстырды. Ұрылар қаржының бір бөлігін карточкалық шот арқылы шешіп алған. 


Ал қалған бөлігі криптовалюта сатып алуға бағытталған. «Қазпошта» АҚ келтірілген залалды өтеу мақсатында сотқа жүгіну туралы шешім қабылдады. Үкім заңды күшіне енді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазпошта #ақша #жымқыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика