ffin.kz

«Қазмұнайгаз»: Мұнайға инвестиция салып, табыс табу туралы жарнамалардың барлығы – жалған

«Қазмұнайгаз»: Мұнайға инвестиция салып, табыс табу туралы жарнамалардың барлығы – жалған Сурет: Inform.kz

Алаяқтар қолданған 6 мобильді қосымша анықталған


Соңғы кезде ұлттық компаниялардың атын жамылып, халықты инвестиция салып, оңай жолмен ақша табуға шақыратын алаяқтық әрекеттер өршіп тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, интернетте, атап айтқанда Google, Yandex іздеу жүйелерінде, YouTube және өзге де әлеуметтік желілерде «мұнайға инвестиция салып, жоғары табысқа кенел» деген желеумен жарнамалар жаппай таратыла бастаған, ол сілтемелер алаяқтар құрған арнайы сайттарға бағыттайды.
Халықты «құрығына» түсіру үшін алаяқтардың сайтын «ұлттық компаниялардың ресми сайты», сондай-ақ «қаржылық» немесе «инвестициялық» компаниялардың веб-ресурстары ретінде көрсетеді. Бұл жалған қаржылық компаниялар белгілі бір сомаға акция сатып алуды ұсынып, бір-екі айда инвестициялық табыс алып тұр деген желеумен қызықтыруға тырысады.
Ал бұл әрекеттері нанымды болуы үшін олар ұлттық компаниялардың осыған дейін жарияланған ресми бейнероликтерін қайта дыбыстап қолданады. Нәтижесінде, алаяқтардың сайтына өткендер компания атауы бірнеше рет қайталанатын, кәсіби дыбысталған жалған бейнероликті тамашалайды.
Алаяқ сайттардың алгоритмдері ұқсас. Әдетте олардың дерекқоры жоқ және тұрақты HTML сайттар болып келеді. Бұл оларды USB дискіне көшіріп, бір доменнен екіншісіне оңай тасымалдауға мүмкіндік береді. Дегенмен, қазір мақсатты аудиторияның сұранысына байланысты мәтінді жылдам ауыстыра алатын, дерекқорды кең, заманауи бағдарламалық құралдарды қолданатын динамикалық сайттар да кездеседі. Бұл жалған сайттардың атауы .com секілді халықаралық аймақтарда тіркеледі.
Мысалға соңғы кезде «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының атын жамылған жарнамалар азаймай тұр. Компания өкілдері сайттардан бөлек, алаяқтар қолданған 6 мобильді қосымша анықталғанын айтады.
Қазақстанның құқық қорғау және басқа да құзыретті органдары осы секілді алаяқтық жолмен ашылған ресурстарды анықтап, олардың жолын кесу бойынша жұмыс атқарып жатқанын айтады. Дегенмен, интернеттегі алаяқтардың ізіне түсіп, кінәліні анықтау қиын. Ол сайттар көп жағдайда шетелдік мекенжайларға тіркелген болып шығады. Сондықтан құқық қорғау органдары, қаржылық ұйымдар, ұлттық компаниялар азаматтарға алаяқтардан сақ болуды ескертеді.
Қазмұнайгаз бұл мәселе бойынша Қаржы мониторингі агенттігіне (АФМ) және Ұлттық банкке өтініш жолдағанын мәлімдеді.



«Бұл өтініш Ішкі істер министрлігіне берілді. Нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің Есіл аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. ҚазМұнайГаз осы қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде барлық деректерді ұсынды. Қазіргі уақытта аталған құқық бұзушылыққа қатысты күдіктілерді анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Компанияның қызметі туралы сенімді ақпарат тек www.kmg.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда жарияланады», - делінген компания таратқан хабарламада.



Қазақстандықтар сондай-ақ 1459 нөмірі арқылы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне хабарласып, тұтынушы ретінде құқықтық кеңес ала алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04