AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазір елде 13 183 шетел азаматы жұмыс істеп жүр

Қазір елде 13 183 шетел азаматы жұмыс істеп жүр

Әлеумет 05.01.2024, 04:29 1,207
Қазір елде 13 183 шетел азаматы жұмыс істеп жүр
Сурет: Gov.kz

2024 жылы Қазақстандағы шетелдік жұмыскерлерге бөлінген квота жұмыс күшінің 0,23%-ын құрайды.


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктері бойынша Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға квота мөлшерін бекітіп, бөледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Cала министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы бөлінген жалпы квота саны еліміздегі жұмыс күшінің 0,23%-ын немесе 22 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.


2024 жылы ШЖК-ны жұмысқа тарту бойынша 4 санатта квота бөлінді: бірінші санат бойынша 906 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 5 054 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 10 786 және 2 888 бірлік. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 366 адамға дейін жұмыс күші тартылуы мүмкін.


Бұдан басқа, 2024 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек иммигранттарды тартуға арналған квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 3,1% немесе 271,3 мың бірлік мөлшерінде белгіленген.


Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге ШЖК тарту үшін 14,5 мың рұқсат берді және ұзартты, бұл қайта бөлінген квотаның 78,5% - ын (18 мың) құрады.


Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша 13 183 шетел азаматы жұмыс істейді.


2023 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек иммигранттарын тартуға 305,8 мың бірлік квота белгіленді. Ал жергілікті атқарушы органдар 295 261 рұқсат берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс күші #еңбек мигранттары #квота #жұмыскерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Кеше 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Кеше 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Кеше 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Кеше 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Кеше 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);