AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды...

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Билік 03.04.2026, 18:36 223 Дина
ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Б. Асыловтың төрағалығымен қылмыстық-атқару жүйесінде (ҚАЖ) заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша алқа отырысы өткізілді.

Отырысқа Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы, денсаулық сақтау, ұлттық экономика, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің басшылары қатысты.

2025 жылғы 23 маусымда құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды, оның ішінде ҚАЖ-ды реформалау, инфрақұрылымды жаңарту, сотталғандарды қайта тәрбиелеу мен олардың қоғамға бейімделу мәселелері талқыланды.

ҚАЖ-да заңдылықты қамтамасыз ету, пенитенциарлық мекемелерді жаңғырту, медициналық қамтамасыз ету, сотталғандарды еңбекпен қамту және оларды қайта әлеуметтендіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Пенитенциарлық жүйеде азаптау фактілерінің тіркелуі айтарлықтай төмендегені атап өтілді (2023 жылы 26 фактіден 2025 жылы 3 фактіге дейін).

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру тәжірибесі жақсарды.

Сотталғандарды еңбекпен қамту көрсеткіші артты (50%-дан 70%-ға дейін).

Пробация есебінде тұрғандар арасында қайталама қылмыс деңгейі 20%-ға төмендеді.

Алматы қаласында ҚАЖ комитеті жеке инвестордың қатысуымен халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған мекеме салды.

Өңірлердің әкімдіктерімен өзара іс-қимыл аясында түзеу мекемелеріндегі бірқатар тұрғын үй-жайларға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ олардың аумағында 12 өндірістік ангар салу жобасы іске асырылуда.

Отырыс қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, жеке инвесторларды тарту арқылы ҚАЖ-дың жаңа мекемелерін салу жоспарлануда. Бұл ретте жобалар құнының 30%-дан аспайтын бөлігі мемлекет есебінен қаржыландырылып, қалған бөлігі жеке капитал есебінен жабылып, кейін олардың шығындары өтелетін болады.

Құрылыс құнын төмендету мақсатында заманауи құрылыс материалдары мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа технологияларын ескеріп, қолданыстағы нормативтерді қайта қарау жоспарлануда.

Бұл бюджет жүктемесін азайтып, сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бас Прокурор заң бұзған тұлғалар қоғамнан шеттетілмеуі тиіс екенін атап өтті. Мемлекеттің міндеті – оларды заңға бағынатын әрі қоғамға пайдалы азаматтар ретінде қайта қалыптастыру.

Бүгінде 30 мың сотталғанның әрбір үшіншісі бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген. Өз кезегінде бір сотталғанды ұстауға мемлекеттен жылына 3 миллион теңгеге дейін қаржы бөлінеді.

Халықаралық тәжірибені ескерсек,оларды еңбекпен қамту және табысты әлеуметтік бейімдеу неғұрлым тиімді болып табылады.

Осыған байланысты Бас прокуратура заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды, оған сәйкес қайта әлеуметтендіру функциялары әкімдіктерге беріліп, ал бұл жұмысты үйлестіру Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктеледі. Аталған бастаманы министрлік қолдады.

Ұсынылған тәсілдерді іске асыру әлеуметтік бейімдеудің бірыңғай тетігін қалыптастырып, қоғамдық қауіпсіздік деңгейіне оң әсер етеді.

Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыты әрдайым азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, құқық қорғау органдарының күш-жігерін қылмыстылықтың жүйелі тәуекелдерін төмендету мақсатында үйлестіруге және құқық бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);