Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Қазгидромет» РМК Қазақстан тұрғындары мен қонақта...

«Қазгидромет» РМК Қазақстан тұрғындары мен қонақтарын ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырады

Әлеумет 07.02.2024, 08:50 1,044
«Қазгидромет» РМК Қазақстан тұрғындары мен қонақтарын ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырады
Сурет: Stopfake.kz

TikTok мессенджерінде Қазақстанға келе жатқан тропикалық дауыл туралы видео тарап жүр.


Онда 2024 жылғы 9-10 ақпанда күші сағатына 100 км-ге дейін жететін жел соғады делінген. «Қазгидромет» РМК бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.


«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, видеода бірқатар дәлсіздіктер бар.



«Роликте айтылып отырған циклон Қазақстан аумағында пайда болмайды, ол Қазақстанға Скандинавия аудандарынан ауысып келеді және 7 ақпанда ел аумағының басым бөлігін қамтитын болады. Желдің күшіне келетін болсақ, видеода айтылған 100 км/сағ-ты м/с айналдырғанда 27-28 м/с шығады. Сондай-ақ «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 6 ақпанда дауылды ескерту таратылды. Оған сәйкес, 2024 жылғы 06 ақпан сағат 21:00-ден  09 ақпан сағат 21:00 дейін № 10 стихиялық метереологиялық құбылыс орын алады, яғни желдің күші 30 м/с дейін күшейеді. Өңірлер: Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы. Дауылды ескертуге сәйкес, 7-9 ақпанда күндіз Қазақстанның басым бөлігінде жылдамдығы 23-28 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 30 м/с жетеді деп болжануда, одан әрі циклон Қазақстаннан тыс жерлерге ауысады», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.



«Қазгидромет» РМК Қазақстан тұрғындары мен қонақтарын ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырады. Тиісті ақпарат Төтенше жағдайлар департаментінің 112 Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінен таралады, дауылды ескертулер сайтында және DARMEN мобильді қосымшасында жарияланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазгидромет #нақтыланбаған ақпарат #тропикалық дауыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Онкологиялық қызметті жаңғырту: қалада Құзырет орталығы іске қосылды

Бүгін 16:36

Ауызашар: сауап, бәсеке, бизнес...

Бүгін 16:15

DIGITAL FATIGUE: ЖИ мен МИ

Бүгін 16:00

Алматыда автокөліктерді тексеру барысында жүздеген көліктің экологиялық талапты бұзғаны анықталды

Бүгін 15:55

Алматының спорт қауымдастығымен өткен кездесуде жаңа Конституция қолдау тапты

Бүгін 15:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі