Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / «Қазгидромет» бірнеше өңірге ескерту жариялады

«Қазгидромет» бірнеше өңірге ескерту жариялады

Өмір-өзен 16.11.2021, 13:58 1,520
«Қазгидромет» бірнеше өңірге ескерту жариялады
Сурет: Gazeta.ru

Ертең еліміздің көп аймағында күн суытады.


«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


17 қарашада күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде қар, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с жетеді.


Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, 18 қарашада басым бөлігінде қар жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 17 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде тұман болжанады, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары көтеріледі. 19 қарашада ауа температурасы түнде -17-22 төмендейді.


Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында көбінесе қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. 18 қарашада қар жауады, түнде облыстың солтүстігінде қар қатты жауатыны күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында бұрқасын болады. Желдің күші 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары артады. 19 қарашада ауа температурасы түнде -17-22, солтүстік-шығыста -25, күндіз -13-18, солтүстік-шығыста -22 градус аязға дейін күрт төмендейді.


Ақтөбе облысында облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.


Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында күші 15-20 м/с артады.


Алматы қаласында күндіз қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын болады. Күндіз 17 қарашада - тәулік бойы, 18 қарашада кей уақытта тұман, көктайғақ болжанады.


Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.


Қызылорда облысының орталығында және шығысында көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің екпіні - 15-20 м/с.


Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстік-шығысында түнде және таңертен тұман болжанады. Желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді.


Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа #райы #суық #тұман #Қазгидромет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.