Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады

  • 10:16, 09 мамыр 2025
Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады Сурет: Әспет Дулатбекова

Қазгидромет синоптиктері 9 мамырда Алматы мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, Алматыда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіліп отыр. 

"Алматыда 9 мамырда метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына, ал 10 мамырға қараған түні олардың таралуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

9 мамыр – құбылмалы бұлтты, күннің соңында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр, екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +28...+30.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:36

16:38

15:22

15:16

14:52

12:43

11:05

10:16

09:15

22:00

21:59

21:57

19:41

19:39

18:09

17:48

17:20

16:31

15:45

14:45

14:04

12:20

11:33

10:29

09:08