Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазгидромет: 13 желтоқсанның күн райы болжамы

Қазгидромет: 13 желтоқсанның күн райы болжамы

Әлеумет 13.12.2021, 02:18 1,041
Қазгидромет: 13 желтоқсанның күн райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

Республиканың басым бөлігінде күн құбылмалы


«Қазгидромет» РМК-сы 13 желтоқсанның күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 13 желтоқсанда фронталды бөліктердің өтуіне орай республиканың басым бөлігінде күн құбылмалы болады, қар жауып, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте таулы аудандарда нөсер жауын жауады.


Тек республиканың батысы мен солтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. ҚР солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын соғады.


Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.


Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.


Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады.


Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, облыстың солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.


Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы 18 м/с-қа жетіп, жаяу бұрқасын соғады.


Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы облысында Алакөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Қазгидромед #синоптик
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика