Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қаздан қашқан кішкентай Керей: үш жасар бала әлем...

Қаздан қашқан кішкентай Керей: үш жасар бала әлем мен Snoop Dogg-ті таңғалдырды

Барлығы 26.08.2025, 12:30 1,172
Қаздан қашқан кішкентай Керей: үш жасар бала әлем мен Snoop Dogg-ті таңғалдырды
Баланың әкесі ұсынған сурет

Қаздан қашқан үш жасар Керей Махамбетұлы аз уақыт ішінде әлем жұлдызына айналды. Оның видеосы тіпті америкалық рэпер Snoop Dogg репост жасап, желіні шулатты. Аqshamnews.kz тілшісі жұлдыздың әкесімен сұхбаттасты. 

Керей қалай жұлдызға айналды? 

Керейдің әкесі Махамбеттің айтуынша, бәрі бір сәтте болған оқиға.

"Құлынға жем беріп келе жатқанбыз. Балам артта қалып қойды. Қаздар оның қолындағы шелекті тамақ деп ойлап, соңынан жүгірген. Ал ол қорқып қаша барды. Сол сәтті видеоға түсіріп, 9 тамызда желіге салған едім. Бір аптада-ақ 100 миллион қаралымға жетті. Қазір Instagram-да 150 миллионға, ал TikTok-та 50 миллионға жуықтады", – дейді әкесі.

Желі қолданушылары кішкентай Керейді "қаз қуған бала" деп атап кеткен. Шетелдіктер де, өзге қазақтар да балаға тәнті болып, пікір қалдырып жатыр. Видео 12 миллион лайк пен 55 мың пікір жинап үлгерген. 

Керей кім?

Үш жастағы Керей Ақтөбедегі Күншуақ шағынауданында тұрады. Балабақшаға барып жүр. Әкесі - мектептегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, ал үйінде жылқы, қаз, пони бағылады. Балапан кезінен жан-жануардың ортасында өскен Керей негізі қаздан қорықпайды екен. Бірақ сол күні артынан қуалаған қаздың арқасында жұлдызға айналды. 

Керейдің екі бауыры бар. Әкесі балаларының бейнежазбасын жиі түсіріп, әлеуметтік желіге салып жүреді.

"Енді әлеуметтік желіні кәсіби түрде дамытқым келеді", – дейді ол.

Әкесінің айтуынша, әлемдік рэпер репост жасаған соң, оған жазып, видеоның түпнұсқасын сұрайтындар көбейген. 

"Оның 88 миллион оқырманы бар. Әлемнің түкпір-түкпірінен видеоның түпнұсқасын ақшаға сатып алуды сұрап жазып жатыр. Құжаттар да жіберіп жатыр, бірақ оны түгел аударып, түсіну керек", – деді ол.

Алғашқы ұсыныстар

Видеодан кейін Керейге алғашқы ұсыныстар да түсіпті.

"Қолындағы шелекті көрдіңіз бе? Сол компания 75 литр өнім берді. Басқа ұсыныстар әзірге түскен жоқ", – дейді әкесі күліп.

Қазақтың кішкентай атқұмары

Керей атқа мінуді ерекше жақсы көреді.

"Кішкентайынан жылқыға әуес. Жануармен бірге өскен соң, табиғатқа жақын", – дейді әкесі. 

Кішкентай ғана бір сәт миллиондаған адамның көңілін көтерді. Ақтөбенің шағынауданынан басталған оқиға бүгінде бүкіл әлемге тарады.

"Туған-туыс, достар, тіпті дүкендегілер де танып жатыр. Базарға барғанда "бұл қаздан қашқан бала емес пе?" деп жатыр", - дейді Махамбет мырза. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#instagram #Әлеуметтік желі #Жұлдыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Терроризм индексі – 2026: әлемдегі негізгі қауіптер қандай?

Бүгін 10:50

Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық адам қатысты

Бүгін 10:42

Алматыда Строительная көшесінде құрылыс жұмыстарына байланысты қозғалыс кезең-кезеңімен шектеледі

Бүгін 10:36

Семейде жалған маркамен алкоголь өндірген жасырын цех әшкереленді

Бүгін 10:21

Таразда оқушы әкесінен алимент өндіріп алды

Бүгін 10:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика