QazCovid-in вакцинасын егу және сақтау тәртібі бекітілді

QazCovid-in вакцинасын егу және сақтау тәртібі бекітілді Cурет: Gov.kz

Бұл ретте вакцинаның ашылған құтысын 4 сағатқа дейін сақтауға жол беріледі.


ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қисяовтың 3 қыркүйектегі қаулысы бойынша QazCovid-in вакцинасын егу және сақтау тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«QazCovid-in вакцинасын шығару нысаны: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι сыныптағы түссіз шыныдан жасалған құтыда болады», - деп жазылған құжатта. 



Сондай-ақ, вакцина құтысы келушілердің саны ішіндегі доза санына сәйкес реттеліп ашылатыны айтылған. Бір рет инемен тесілген құтыдағы артылған вакцинаны тиісті температурада 4 сағат бойы сақтауға болатыны көрсетілген.



«Инемен тесілген орнын спиртпен өңдеп, вакцина дозасын алғаннан кейін ішінде вакцинасы бар ашылған құтыны бірден құтыда ашылған уақытын көрсете отырып, температурасы плюс 2-ден плюс 8ºС-қа дейінгі тоңазытқышқа орналастырады. Бұл ретте вакцинаның ашылған құтысын 4 сағатқа дейін сақтауға жол беріледі», - деп жазылған қаулыда.



Еске салсақ, Бас санитар дәрігердің осы қаулысында вакцина паспорты Қазақстанда жарамды елдердің тізімі жаңартылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:46

17:03

16:47

16:12

15:15

14:50

14:04

12:11

11:45

11:01

10:03

09:40

09:09

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12