AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақы ит тұқымдарының Ұлттық орталығы құрылады

Қазақы ит тұқымдарының Ұлттық орталығы құрылады

Әлеумет 01.07.2023, 06:56 1,364
Қазақы ит тұқымдарының Ұлттық орталығы құрылады
Сурет: Inbusiness.kz

Бүгін қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі заң күшіне енді. 


Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді,  деп хабарлайды Almaty -akshamy. kz


2023 жылғы 3 қаңтарда «Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданған болатын. Онда қазақ ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері белгіленген.


Заңда уәкілетті органның құзыреті белгіленген. Ол – нормативтік-құқықтық актілерді бекіту, оның ішінде қазақ ит тұқымдарының Ұлттық орталығын құру.


Қазақстанда алғаш рет құрылатын қазақы ит тұқымдарының Ұлттық орталығы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.


Ұлттық орталыққа стандартқа неғұрлым сай, оның ішінде сыртқы-конституциялық сипаттамалары, өзге де қасиеттері сәйкес келетін тазы мен төбет іріктеп алынады, олардан кейіннен таза тұқымды иттер шығарылады. Аталған орталықтың жұмысына ғалымдар мен білікті кинологтар шақырылады.


Сондай-ақ Ұлттық орталықта қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірленеді. Сарапшылар мен кинолог мамандарды оқыту жұмыстары жүргізіледі. Әзірленген стандарттарға сәйкес тазы мен төбеттің бірыңғай кітабы жүргізіліп, олардың шығу тегі туралы куәлік беріледі.


Комитеттің бастамасымен жұмыс тобы құрылды. Оған уәкілетті органның, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кинологтар, қазақы ит тұқымдарын өсірушілер кірді. Қазіргі таңда жұмыс тобы Ұлттық орталықтың қызметкерлер құрылымын, штаттық кесте және біліктілік талаптарын әзірледі.


Сондай-ақ Президентіміз тазы мен төбетті қазақы ит тұқымдары ретінде әлемге таныту міндетін қойды.


Осыған орай, 2023 жылдың мамыр айында Бельгияның Тюэн қаласында Қазақстан кинологтар одағының президенті мен Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) басшысымен келіссөз жүргізді.


Кездесу аясында ҚКО-ның FCI-ге толық құқылы мүшелігіне ресми өтінім берілді. Бұл мәселе Халықаралық кинологиялық Федерацияның Бас Ассамблеясында 2023 жылғы 21-22 тамызда Женевада (Швейцария) қаралатын болады

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Бүгін 20:00

Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады

Бүгін 19:30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты

Бүгін 19:00

Биылғы 9 айда экономиканың өсімі 4,2%-ды құрады: Үкіметте әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды

Бүгін 17:45

Алматының кейбір аудандарында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);