AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақтың... қолы қатты!

Қазақтың... қолы қатты!

Спорт 02.02.2023, 04:51 1,561
Қазақтың... қолы қатты!
Фото
Шайбалы хоккейден "Барыс" - "Динамо" Мәскеу матчында Әлихан Әсетовке қатты риза болдым. Қонақтар сапындағы Сергей Байков деген қорғаушы тым дөрекі ойнады. Әуелі Дмитрий Гурков деген шабуылшымызды "күш-айла" қолданып, ауруханаға жөнелтті...


Матч соңында 20-ға да толмаған, өрімдей жас Дінмұхамед Қайыржанды оқыс келіп, соғып... мұрттай ұшырды. Сол кезде оған Әлихан тұра ұмтылды.

Иә, Әлихан! Ешкіммен төбелеспейтін. Мұзайдын жақтауында, қарсы команда ойыншысының бірі... өзін аңдып келіп, екпінмен соққанда, қапыда жарақат алып қалатын Әлихан! Төбелеске жоқ қой ол! Мүлде!


Сол Әлихан әлгі Байковты қапсыра құшақтап алып, төпелей жөнелді. Шыр айналдырып, ұрды да, біраз...

Гурковты соққанда, жүгірмеп еді, Қайыржан жәбір көргенде, көзін жұмып алып, атылды ғой. О, шіркін! Осы көзсіз батырлығына қалай ырза болмайсың!?

Кезінде, ҚХЛ-дағы алғашқы ойындарын өткізе бастағанда, Талғат Жайлауов та дәл осы Әлихан үшін тұра ұмтылып, оған тиіскен бір хоккейшінің жағасына жармасып еді... Беу, шіркін, шынымен де, дүние кезек болады екен-ау, ә?..


Бүгін "Динамо" Мәскеу клубы әлгі Байковтың маусым соңына дейін қатардан шығып қалғанын ресми түрде жариялады. Оның қатарға қосылуына кемі 12 апта керек екен. Ота жасату үшін Мәскеуге қайтарып алыпты (Әлиханның соққысы бата тимесе де, қата тиді ме, ол жағын анық білмедім)...

Десек те, енді бәрі біліп жүрсін! Кез келген қазақтың қолы - қатты. Тек Дамир Рысбаевтың ғана соққысы қуатты, жұдырығы жуан емес, "момын" деген Әлиханнның да соққысы пәрменді!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Барыс #Қазақ #әлихан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);